Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қоғамдық қабылдау халықпен кездесудің құралына айналды

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының облыстық филиалы бұл күндері қоғамдық қабылдау ісін жүйелі жүргізуге ұдайы басты маңыз беріп келеді. Жыл сайын филиалдың арнайы қоғамдық бөлмесі арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің және облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен облысқа әдейі іссапармен келген партияның орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері филиалда дәстүрлі қабылдаулар өткізіп отыруды ай сайын арнайы кесте бойынша жүргізетін болды...

...Сондай-ақ, 2010 жылдың 15-16 шілде күндері де "Нұр Отан" ХДП-ның облыстық филиалы бойынша республикалық "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау ерекше белсенділік пен жоғары ұйымшылдық жағдайында өтті.

Бұл күні "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімінің орынбасары А.Әбдіров, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы О.Басиев, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ы облыстық филиалының, "БанкЦентрКредит", "Альянс Банк", "БТА Банк'', "Казкоммерцбанк", "Халық Банк Қазақстан", "Еуразиялық Банк" және "АТФ Банк" АҚ-мы облыстық филиалдарының басшылары қатысып, әдейі қабылдаулар өткізді.

Бұл аталмыш акция азаматтарды облыс өңіріндегі барлық орта және шағын кәсіпкерліктер мен басқа да талаптанушыларды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз ету, бизнесті субсидиялау және несие қарыздарын ұсыну мәселелері бойынша негізгі орын алған күрделі жағдайларды шешуге ұмтылды және осы бағдарламаның аясында кәсіпкерлікті қолдау ісінің мемлекет ұсынған тәртіпке бағытталғандығы кеңінен көрініс тапты.

Ашық есік күніне қабылдауға келген азаматтар несие алу жөнінде және бизнесті субсидиялау мәселелері бойынша өздерінің көптеген толғақты сүрақтарына жауаптар алды. Қабылдауға келген барлық азаматтарға кеңестер беріліп, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның, екінші деңгейлі банктерінің өкілдері "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.