Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

2010 жылдың 16 қыркүйегінде Павлодар қ. Қазақстандағы алғашқы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау Орталығы ашылды.

16 қыркүйек 2010 ж., 16:18

Аталған орталық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (әрі қарай- «Даму» қоры) бастамасымен және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің (әрі қарай- ПМУ) атсалысуымен ашылып отыр.

Бүгінгі күні «Даму» қоры «Кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарын құру» Бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Оған сәйкес, Қазақстанда халықаралық, өңірлік және аудандық деңгейдегі кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарын құру көзделген. «Даму» қоры мұндай орталықтарды құру туралы шешімді еліміздің барлық өңірлерінде 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының нәтижелерін сараптағаннан кейін қабылдап отыр.

КҚО құрудағы мақсат – кәсіпкерлерге кешенді түрде ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсету, сонымен қатар, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, өңірлік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету. «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының шеңберінде жүргізілген маркетингтік зерттеу барысында респонденттердің 94,5%-дан астамы КҚО қажет, олардың қызметі өте үлкен сұранысқа ие болады деген пікір білдірген.

Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде КҚО келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:

· консультациялық қызметтер: бизнесті құру және жұмыс істеп тұрған бизнесті оңтайлы жүргізу бойынша консультация, қаржылық және заңгерлік кеңес, сыртқы нарықта бизнес жүргізу мен дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;

· қызмет, тауар түрлерін ұсынатын және оларды тұтынушы кәсіпорындардың бірегей мәліметтер базасын қалыптастыру;

· маркетінгтік зерттеулер жүргізу;

· жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен бизнес құруға талпынып отырған жандардың біліктілігін артыруға бағытталған оқыту курстарын, тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;

Қазіргі таңда Қазақстанда, жұмыс істеп жүрген және өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер тарапынан ақпараттық-консультациялық және оқыту қызметтеріне деген сұраныс өте жоғары екені байқалады. Еліміздегі кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсететін құрылымдар (КҚО, бизнес-орталықтар, технопарк, бизнес-инкубатор, бизнес-қауымдастықтар т.б.) ақылы негізде жұмыс істейді. Көп ретте олар жекелеген қызмет түрлерін ғана ұсынады, бірегей стандарт қалыптаспаған және көрсетілетін қызмет сапасы да әрқилы. Оның үстіне қызмет төлемақысы кәсіпкерлер мен өз ісін ашуға ынталы тұрғындардың көпшілігі үшін қол жетімді емес.

«Даму» Қорының Басқарма төрағасы Б.Мұқышев атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарының көмегімен бизнес-білігін арттырған кәсіпкерлер мен тұрғындардың одан әрі Қордың қаржылық бағдарламалары шеңберінде қаржылай қолдауға да ие болу мүмкіндігі бар. Қор мұндағы негізгі назарды өңірлік кәсіпкерліктің дамуына аударады дейді Қор басшысы.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес құралдармен қолдаудың инфрақұрылымы бизнесті жүргізу процесін жеңілдетуде (бухгалтерлік есептеме жүргізу, заң тұрғысындағы кеңес беру, ақпараттық технологиялармен жұмыс тәрізді көмек шаралары арқылы) ғана емес, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыруда да (оқыту, білікті кеңес беру арқылы) маңызы зор. Мұндай инфрақұрылымды дамыту кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді байланысты қалыптастыруға да жол ашады.

«Даму» қорының аймақтық филиалдары кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарының негізгі инфрақұрылымы ретінде қарастырылып отыр.

Ақпарат үшін

Кәсіпкерлікті қолдау Орталықтары мына мәселелерді шешуге бағытталған:

1) кәсіпкерліктің ахуалын, отандық және халықаралық нарықты, экономика салалары мен секторларын талдау;

2) маркетинг және менеджмент саласы бойынша кешенді қызмет көрсету;

3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзірлеу қызметін, консультациялық және өзге де қызмет түрлерін көрсету;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;

5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби өсуіне ықпал ету;

6) ақпараттық және эксперттік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

7) семинарлар мен тренингтер өткізу;

8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ақпараттық базасын қалыптастыру;

9) шағын кәсіпкерліктің даму беталысы, түйткілді мәселелері туралы ақпарат жинақтап, талдау жүргізу.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

баспасөз қызметі

тел: 8-(727)244-55-66 (іш.н. 244; 229); факс: 244-82-64;

моб. 8-701-771-55-57.

e-mail: bektur@fund.kz