Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму - дамытады...»

Бүгін Павлодарда, болашақ бизнесмендерді дайындайтын, еліміздегі алғашқы кәсіпкерлікті қолдау орталығының тұсауы кесілд. Бұл орталық, «Даму» қорының қолдауымен, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университет жанынан ашылып отыр.

Жоғарғы оқу орнының білікті ұстаздары, орталыққа кеңес сұрап келген, кез-келген тұрғынның сұрағына жауап беруге дайын. Замануй кешен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен жарақталған. «Даму» қорының сарапшылары, мұндай орталық ашпас бұрын, ел арасында сауалнама өткізіпті. Сұраққа жауап берген тұрғындардың барлығы дерлік бірауыздан, осындай орталық «ауадай қажет» деп жауап берген екен. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, тек семинар-тренинг өткізумен ғана шектелмей, бизнесмендерге бағыт-бағдар нұсқап отырмақ. Жыл соңына дейін дәл осындай орталықты, еліміздің «6 өңірінде ашу жоспарланған» дейд і , Басқарама төрағасының кеңесшісі Бексұлтан Құрманқұлов. Айта кететіні, орталық толықтай ақысыз негізде қызмет көрсетпек.

Бексұлтан Құрманқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

-Осы кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқасында бизнес білігін көтерген кәсіпкерлер, болашақта «Д аму » қорының қаржылай қолдау бағдарлама лар ы арқылы арзандатылға н несиеге, бизнесін дамытуға қажет қаржығы қол жеткізе алады деген сөз.