Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» қорының жемісті жобалары.

«Даму» қорының бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылғы 26 тамызға дейін 422 несие алушыға 17,5 миллиард теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 540 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасалды. Мемлекет қамқорлығы арқасында көптеген кәсіп-орындар дағдарыс кезінде біршама тыныс алды.

Банк филиалдарының қаржыны екінші деңгейдегі банктерге орналастыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстың кәсіпкерлеріне жалпы мөлшері 17,5 миллиард теңге жеңілдетілген несиелер берілді. Бұл қаржыны өз жеке ісін ашқан адамдар алды. Несиенің бір адамға берілген орташа мөлшері 41,56 миллион теңгені құрады. Ал орташа пайыздық ставкасы 12,56% болды. Сөйтіп «Даму» қоры бағдарламасының аясында облыстық экономиканың барлық саласындағы жобалар қаржылануда. Оңтүстіктегі жемісті қаржыландырылған жобалардың бірі жаңа инновациялық – интелектуалдық «Бәйтерек» мектебі, ол 1-қыркүйек күні ашылды. Оның құрылысы «Даму» қорының бағдарламасы аясында «АТФ Банк» АҚ алынған қаржы есебінен жүргізілді.

Жаңа мектеп 700 оқушыға арналған. Ондағы кабинеттер жаңа жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде біріншіден төртіншіге дейінгі сыныптарға оқушылар қабылданды. Жаңа мектептің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев бұл нысанның әлеуметтік-экономикалық маңызын атап өтті. Өйткені мектептің қатарға қосылуы нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылды. Ата-аналар, балалар қуанышқа кенелді. Мектептің ашылу салтанатында «Даму» қоры мен «АТФ Банк» өкілдері де қатысты.

«Даму» қорының бағдарламасы арқылы іскер адамдар ірі жобаларды жүзеге асыруда, -деді мектеп құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова ол сондайақ «Даму» қорына «АТФ Банкке», Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігіне көмектері үшін алғыс айтты.