Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Тапсырыс болса, кәсіпорын "Самұрық-Қазына" қорынан шарапат күтеді

Өңіріміздің индустриялық қуатын арт-тыруда экономикаға серпін беретін жаңа ендіріс орындары нысандарын жедел турғызудың маңызы зор. Өткен жылы ақ-пан айында облысымызға келген жумыс сапарында Елбасы Нурсултан Назарбаев-тың қатысуымен іске қосылған "Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты" ЖШС-і, міне, осы мақсатты көздейді. Зауыттың өндірістік алаңы 4 мың шаршы метрден астам. Кәсіпорын қысқа мерзімде әртүрлі нысандарды тұрғызуға мүмкіндік беретін негізгі салмақ түсетін және тарамдалатын металл құрылымдар дайындаумен айналысады. Осы заманғы автоматтандырылған жүйемен жабдықталған зауыт дәнекерленген қос таврлар, сэндвич панельдер, С үлгісіндегі болат профильдер мен профтақталар өндіретін өңірдегі жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорын өз өндірісін сырттан әкелінетін материалдар мен жинақтаушы элементтерін қабылдаудан бастап, сертификацияланған дайын өнімшығару мен оны тапсырыс берушілерге өткізгенге дейін халықаралық стандарттар негізінде құрып отыр. Зауытта кәсіби біліктілігі жоғары технологтар, конструкторлар, өндірісті ұйымдастырушы мамандар мен әртүрлі мамандық иелері еңбек етеді,

Енді-енді ғана қаз тұрып, өз өнімдерімен өңірге таныла бастаған кәсіпорын өндірісімен жете танысу мақсатында, оның бастауынан бері басшылық жасап келе жатқан серіктестік директоры Арыстанбек Бекқожиновпен жолықтық.

- Бұрын бұл жерде бүкіл облысты құрылыс материалдарымен қамтамасыз еткен темір-бетон бұйымдары зауыты болғанын өңір тұрғындары жақсы біледі. Сонау тоқырау кезеңінен бастап тоқтап қалған кәсіпорын талан-таражға ұшырап, 15 жыл бойы қаңырап бос тұрды. Кәсіптік ісімді кеңейтуді көздеп, оны өз меншігіме сатып алдым да, уақыт талабына сай келетін өндіріс орнын құруға кірістім. Жасыратыны жоқ, бұл оңайлыққа түспеді, бәрін тақыр жерден бастағандай, алдымен қаңырап қалған зауыт ғимаратын қалпына келтіруді қолға алдық. Сол 2008 жылы "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан 180 миллион теңге кредит алудың сәті түсті. Инновациялық бағдарлама бойынша берілген осы қаржы мен индустрия және сауда министрлігі комитетінің жеңілдіктерін пайдаланып, қысқа мерзімде зауытты іске қосуға мүмкіндік туды, -дейді Арыстанбек Имантайулы.

Зауыт өндіріске пайдаланатын ыстық прокаттан шыққан 10 мм.-ге дейінгі жұқа табақ темір материалдарын Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясынан ал одан қалыңдарын Ресейдің Магнитогорск қаласынан алады екек Табақ темір материалдары көбіне сэндвич панельдер мен профильдік тақталар шығаруға пайдаланылады. Ал олардың жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі мол болғандықтаң оған жұмсалатын табақ темірлер мен базальт және көбік полистирол негізіндегі плиталар материалдарының 80 пайызы қазақстандық өнім өндірушілерден жеткізіледі.

Қазір кәсіпорында 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өткен жылы олардың орташа айлық жалақысы 48-50 мың теңгеден айналды. Бұл облыстық орташа көрсеткіш деңгейінде болғанымен негізінен темір дәнекерлеу және кесу жұмыстарымен айналысатындарға аздау екені белгілі. Оған кәсіпорынның өндіріс көлемін қуаттылығына сай өсіре алмай отырғаны себеп болуда. Айталық, зауыттың айына 4,8 мың тонна өнім шығару мүмкіндігі болса, осы жылдың екінші тоқсанында небары 7,0 мың тонна өнім өткізді. Ол кәсіпорынның айналым қорын толықтыруына да кедергі келтіреді. Бір сезбен айтқанда, бәрі мемлекеттік тапсырыстың күрделілігіне тіреліп тұр. Бұл зауыттың өнімі өтпейді деген сөз емес, қаржылық дәрмені бар алушылары аз екенін аңғартады.

- Тапсырыс болса, бізде талпыныс зор, - дейді серіктестік басшысы.

- Бізге көбіне мал қораларына, қоймаларға, әкімшілік үйі, шағын өнеркәсіп ғимараттарына және шағын партиялы темір конструкцияларға тапсырыс түседі. Сондай-ақ, тендерлерге қатысып, тапсырыстар алуға тырысамыз. Айталық, "ЗИКСТО" АҚ-ның сынақтан өтіп жатқан астық тасымалы вагондарының металл конструкциялары бізде жасалды. Ол өндіріске еніп, олар 260 вагонға тапсырыс алса, бізде де жұмыс көбейеді. Сол сияқты, "Ауыл шаруашылығы техникасы зауыты" АҚ-ның шығарған астық жаткаларына "СевКазЭнерго" ЖШС-нің жылыту жабдықтарына және "Көп мақсатты құрал-жабдықтар зауыты" АҚ-ның қажеттіліктеріне біздің металл құрылымдар пайдаланылады.

Арыстанбек Имантайулы айтса айтқандайын шағын көлемді тапсырыстар үзілген емес. Бірақ ол алдына үлкен мақсат қойған ұжымды қанағаттандырып отырған жоқ. Сол себепті де, зауыт басшылығы жуырда "Самурық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы кәсіпорынның тұсаукесерін өткізуге тырысуда. Ондағы мақсат - облыстан тысқары жердегі құрылыс жүргізушілердің көбі біле бермейтін зауытты, оның металл қурылыс өнімдерін өзгелерге таныту. Елбасы экономиканың шикізаттық емес секторына қатысты инвестициялық жобаларды қолдауды тапсырған Ұлттық қордың бұл шарасы кәсіпорынға кең тыныс беруге бағытталған. Одан зауыт ұжымы көп үміт күтеді.

Десе де, қазіргі өндіріс талабына сай тұтыныс тудыратын жедел тұрғызылатын металл құрылымдарға сұраныс қашанда болады. Оны зауыт ауласында жедел монтажшылар тобының қаңқасыз ангар тұрғызатын ұзын жүк көлігіне орнатылған жылжымалы өндіріс жүйесін қажетті жабдықтармен жинақтап жатқан кезінде байқадық. Жылжымалы жүйе Ақмола облысының Ақкөл ауданында 2400 бас ірі қараға арнап үш ангар тұрғызбақшы. Осы құрылысты жүргізетін 12 адамнан тұратын жедел топ оны орнатылатын орнында құрайды. Топ басшысы Валерий Нитиевскийдің айтуынша, олар оны екі айдың ішінде, яғни қыс түскенше аяқтап шықпақшы. Қаңқасыз ангарлар ұзын профильдік темір тақталардан иіліп, ұзына бойына бүрмелеу арқылы беріктетіліп жасалады.

Зауыттың негізгі ендіріс жүйелері бір шатырдың астында. Онда қойылған қон-дырғылардың бәрі Қытайда шығарылған. Біз алдымен сэндвич панельдер дайындайтын жүйе басына аялдадық. Ширақ қимыл-мен жұмыс істеп жатқан 10 адам полимерленген темір тақтадан оның қапсырмаларын дайындауда. Оның ішіне салынатын базальт негізді минералдық плиталардың қалыңдығы әртүрлі, 50-ден 250 мм.-ге дейін жетеді. Бұл жылу ұстағыштар Ресейдің Челябі және өзіміздің Өскемен қалаларынан жеткізіледі екен. Жүйенің бригадир-операторы Асқар Сексенов қытайлық қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын айтады. Істіңбасы-қасында жүргензауыттех-нологы Иван Климентьевтің айтуынша, осы сэндвич панельдер "Строитель фирмасы" ЖШС-інде қойма салу тапсырысы бойынша дайындалуда. Ол қаңқалы үлгідегі көлемі 18x30 м. жылытылған қойма болады.

Ал газ-плазмалық металл кесу жүйесі тіпті ғаламат. Бір қарысқа жақын қалың металды әп-сәтте нан турағандай тіліп, теп-тегіс етіп шығарады. Осы жерде жолыққан жобалау-техникалық бөлімнің бастығы Мейірман Алғожин оның "Солтүстік Қазақстан энергоорталығы" ЖШС-нің трубина тетігі үшін жасалып жатқанын жеткізді. Қалыңдығы 80 миллиметрлік темірден кесіп алынған тетіктің қырлары айнадай теп-тегіс. Газ-плазмалық кесудің кереметі де,осы.

Келесі бір ендірістік жүйеде қос таврлы металл құрылымдар жинақталуда. "Строитель фирмасы" ЖШС-нің тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан бұл жұмыста да өте дәлдік пен ұқыптылық қажет. Онда С үлгісіндегі болат профильдер бір-бірімен арнайы станокта жымдастырылып, өте жоғары дәлдікпен дәнекерлеу жүргізіледі. Ал жұқа профильдік металл тақталардан жасалатын конструкциялар балқып, майысып кетпеуі үшін арнайы су толтырылған станокта дәнекерленеді. Бұл жүйеде зауыттың ашылған күнінен бастап жұмыс істеп келе жатқан Қажыбай Меметов пен Мырзағали Мухаметалин сияқты мамандар еңбек етеді.

Міне, осындай өңір индустриясын дамытуға қосар айтарлықтай үлесі бар, өндірісі қазіргі өмір талабына сай келетін кәсіпорынның тынысын кеңінен ашар бірінші қажеттілік оның өнімдеріне тапсырыстың артуы болмақ. Сол үшін түрлі өңірлік және республикалық байқаулар мен тауар жәрмеңкелеріне қатысып жүрген зауыт ұжымы алдағы республикалық "Алтын сапа" конкурсына да қатыспақшы. Мұның бәрі зауыт брендін қалыптастыруға деген ұмтылыс. Өзі жылы әрі жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар кімге де болса қажет. Ал оны әлі де кеңірек көрсете, таныта білу керек.