Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ең ірі қарыз шағын және орта кәсіпкерлікке бұйырды

Азия даму банкі Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі инвестициялық бағдарламасына 500 миллион доллар бөлді. Бұл әлемдік қаржы дағдарысынан кейін Қазақстанның қаржы ұйымдарының тартуымен беріліп отырған ең бірінші мемлекеттік емес ірі қарыз ақша болып табылады.

«Даму» қорының мәліметінше, аталған бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту арқылы жаңа жұмысшы орындарын ашуға және ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Мемлекеттің кепілдігімен «Даму» қоры Азия даму банкінен үш транш бойынша теңге сипатында орта мерзімге белгіленген 500 миллион доллар көлемінде заем алды (1-транш – 2010 жылы $150 млн, 2-транш – 2011 жылы $150 млн, 3-транш – бірінші және екінші транштағы ақшаны игергеннен кейін $200 млн). Әр транштағы ақшаның қайтару мерзімі жеті жылды құрайды. Қор ол ақша арқылы аталған бағдарламаға қатысушы банктерді несиелендіреді. Сөйтіп, банктер шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің қаржы көзіне қол жеткізеді деп күтіліп отыр.

Азия даму банкі берген ақша бойынша Қазақстанның барлық өңірі несиелендірілмекші. Онда да мұндағы жалпы ақшаның 40 пайызы Алматы мен Астанадан тыс өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруге жұмсалуы тиіс деп жоспарланған.