«Даму» Қоры, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының ашық жүзеге асырылуын және кәсіпкерлерге Бағдарламаның іске асырылу барысы турасында толыққанды мәлімет беріп, аймақтардағы әр жоба бойынша шешім қабылдау мерзімінің қоғам тарапынан қадағалануына жол ашу мақсатымен, жобалардың жай-күйі туралы ақпараттарды апта сайын жариялап отыруды қолға алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының шарттарына сәйкес, субсидиялау және кепілдендіру жайлы шешім қабылдау үдерісіне кәсіпкерлер, екінші деңгейдегі банктер, облыс әкімдіктері жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңестері, ҚР экономикалық даму және сауда Министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ атсалысады. Бағдарламаның тиімді іске асырылуы қатысушы тараптардың жекелей және біріге отырып жедел әрі үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты болмақ.
Анық ақпараттың жоқтығы сенімсіздік тудырмас үшін және жобаларды қарастырып, мақұлдау бойынша кәсіпкерлер тарапынан бірқатар сұрақтар туындап жатқандықтан, Бағдарламаның қаржы агенті ретінде «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысатын құрылымдардың іс-шаралары турасында тұрақты түрде қоғамды құлағдар етуді жөн санап отыр.
Осылайша, «Даму» Қоры Бағдарламаның барлық қатысушылары үшін шешім қабылдау процессінің ашық жүргізілуін және қоғамдық мониторинг жүйесін қалыптастыруды көздейді.
Кәсіпкерлерге өз жобаларының нақты жай-күйін қадағалап отыруына мүмкіндік беру мақсатымен, әр жоба турасындағы ақпарат апта сайын жаңартылып, Бағдарламаның сайтында: www.dkb2020.kz, және «Даму» Қорының корпоративтік сайтында: www.damu.kz жарияланып тұрады.
Төмендегі кестелерде әр жобаның аймақтық, салалық тұрғыдағы қимасы, банктер бойынша, сонымен қатар Бағдарламаның жүзеге асырылуына жауапты уәкілетті органдардың жобаларды қарастыру мерзімдері туралы кең мағлұматтар келтірілген.
Жалпы алғанда, бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдаудың нақты құралы ретінде танылып, оған деген бизнес-қауымдастықтың сұранысы күткендегіден де асып түскендігін атап өтуге болады. Соңғы мәліметтер бойынша, бірінші бағыт бойынша ЕДБ-ге 159 өтінім түссе, екінші бағыт бойынша 314 өтінім, үшінші бағыт бойынша 33 өтінім келіп түскен. Пилотты 2010 жылдың соңына қарай Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болатын жобалардың саны 300-ге жетеді деп межеленіп отыр. Өзге жобалар 2011 жылы қаржыландырылады.
«Даму» Қоры, мемлекеттік қолдауға ие болған Бағдарламаның нақты қатысушылары турасындағы мәліметтердің ашықтығы Қазақстандағы кәсіпкерліктің жаңа бизнес-идеяларын алға жылжытуға нақты серпін береріне сенімді, ал мемлекеттік органдар мен бизнестің айрықша форматтағы өзара әрекеттестігін (осы бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуындағы жаңа белес деп қарастырып отыр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі
тел: 8-(727)244-55-66 (ішкі 244; 229); факс: 244-82-64;
e-mail: bektur@fund.kz


