Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

Субсидиялау – кәсіпкерлік әрекеттің операциясына қатысты, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ретінде болашақтағы белгілі шарттарды орындаумен айырбастайтын кәсіпкердің банкке төлейтін шығындарын шетінен қайтару үшін пайдаланылатын кәсіпкерді қаржылай қолдаудың мемлекеттік тәртібі.

Субсидия берудің шарттары:

  • субсидиялау 12 айдан ерте емес ӨҮК ұйғарым шығаруына берілген тек жаңа несиелерге/лизингтік шарттарға беріледі;
  • несиенің/лизингтік мәміленің сомасы - 4,5 млрд. теңгеге дейін;
  • субсидиялау мөлшерлері – экономиканың басым секторларындағы жобалар үшін 7%;
    моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеусіз жобалар үшін 10%;
    өңдеу өнеркәсібіндегі басым салалардың жобалары үшін 10%;
    Даму банкінің валюталық/ «теңгелік» несиелері үшін (толық шарттарды төменнен қараңыз) 4% және 5%.
  • несиені субсидиялаудың/лизингтік мәміленің мерзімі - 3 жылға дейін (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен).

Несие қандай мақсаттарға көзделуі тиіс?

  • жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға;
  • айналым қаражатын толықтыруға, бірақ несие сомасынан 30% көп емес;
  • негізгі қорды сатып алуға және/немесе жаңалауға және/немесе өндірісті кеңейтуге.

Субсидияны қалай алуға болады?

  • 1
    Кәсіпкер несие/лизинг алу үшін банккке/лизингтік компанияға жүгінеді
  • 2
    Банк/лизингтік компания несие/лизинг беру үшін жобаларға сараптама жасайды
  • 3
    Банктен/лизингтік компаниядан оң шешім алған кәсіпкер несие бойынша құжаттарды әкімдікке (жергілікті/өңірлік бағдарлама үйлестірушісіне) жібереді
  • 4
    Жергілікті/өңірлік үйлестіруші Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне (ӨҮК) субсидиялау туралы мәселені қарауға жібереді
  • 5
    ӨҮК оң шешім қабылдап, құжатты банк/лизингтік компания мен «Даму» Қорына жөнелтеді
  • 6
    Банк/лизингтік компания кәсіпкермен және «Даму» Қорымен үш жақты субсидиялау шартын жасайды
  • 7
    Осы шарт негізінде «Даму» Қоры банкке/лизингтік компанияға кәсіпкерді несиелеу/лизингтеу бойынша пайыздық мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аударады

ШОК жобалары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі жобаларды субсидиялау
  • Субсидиялау мөлшері

    10% (тіркелген) * несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен.

    Субсидиялау мерзімі

    3 жыл (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен)

    Қаржыландыратын саласы

    Салалық шектеусіз

    Субсидиялау түрі

    «Даму» Қорының 3 жақты келісім аясында банктермен қайтарусыз және тегін негізге дүркін-дүркін төлеуі

  • Несиенің мақсатты нысаны
    • Инвестициялауға **;
    • Негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;
    • Айналым қаражатын толықтыруға ***.
    Жобаға меншікті қатысуы

    180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс.

  • Несие/лизингтің Max мөлшері

    750 млн. теңгеге дейін

    Несие бойынша % мөлшерлемесі
    • ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;
    • Даму банкі үшін 13% **** аспайды.
    Несие/лизинг валютасы

    теңге

    Несие/лизинг беру мерзімі
    • жаңа несие/лизинг шарттары бойынша 12 айға дейін;
    • бастапқы беру күнінен 4 жылдан көп емес.
    Айрықша шарттар

    ӨҮК мақұлдаған жобалар бойынша банк/лизингтік компания бұрын алынған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржылық жылы қайтарады.


* - туындаған айырманы кәсіпкер төлейді (мысалы, егер несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 13%, болса,онда 10% («Даму» Қоры арқылы) мемлекет төлейді, қалған 3% сыйақыны кәсіпкер банк алдында өз бетінше өтейді).

** - инвестицияны несиелеу аясындағы айналым қаражатын қаржыландыруға болады, бірақ несиенің жалпы сомасынан 30% кем емес.

*** - 100% (қоса санағанда) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60,0 млн.теңгеге дейінгі мөлшердегі несиелер – «Даму» Қорының кепілдігі бар болғанда, субсидияланады.

**** - «Даму» Қорының кепілдігімен.

Экономиканың басым секторларындағы жобаларды субсидиялау
  • Субсидиялау мөлшері
    • 7% (тіркелген) * несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен;
    • 5% (тіркелген) * валюталық** бойынша несие/лизингтің сыйақы мөлшерлемесінен;
    • 5% (тіркелген) * даму банкінің (теңгелей) несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен;
    • 4% (тіркелген) * даму банкінің (теңгелей) валюталық** бойынша несие/лизингінің сыйақы мөлшерлемесінен.
    Субсидиялау мерзімі

    3 жыл (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен)

    Қаржыландыратын саласы

    «БЖК-2020» (төмендегі тізбені қараңыз) сәйкес экономиканың басым секторларын

    Субсидиялау түрі

    «Даму» Қорының 3 жақты келісім аясында банктермен қайтарусыз және тегін негізге дүркін-дүркін төлеуі

  • Несиенің мақсатты нысаны
    • Инвестициялауға ***;
    • Негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;
    • Айналым қаражатын толықтыруға ****.
    Жобаға меншікті қатысуы

    180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс.

  • Несие/лизингтің Max мөлшері

    4,5 млрд. теңгеге дейін

    Несие бойынша % мөлшерлемесі
    • ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;
    • Даму банкі үшін 13% аспайды.
    Несие/лизинг валютасы

    теңге, шетелдік валюта

    Несие/лизинг беру мерзімі
    • жаңа несие/лизинг шарттары бойынша 12 айға дейін;
    • бастапқы беру күнінен 4 жылдан көп емес.
    Айрықша шарттар

    ӨҮК мақұлдаған жобалар бойынша банк/лизингтік компания бұрын алынған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржылық жылы қайтарады.


* - туындаған айырманы кәсіпкер төлейді (мысалы, егер несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 13%, болса,онда 7% (5% валютада)(«Даму» Қоры арқылы) мемлекет төлейді, қалған 6% (8% валютада) сыйақыны кәсіпкер банк алдында өз бетінше өтейді).

** - қолда бар валюталық түсімде жалпы ақшалай түсім көлемінен 10% аз емес мөлшерде.

*** - инвестицияны несиелеу аясындағы айналым қаражатын қаржыландыруға болады, бірақ несиенің жалпы сомасынан 30% кем емес.

**** - 100% (қоса санағанда) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60,0 млн.теңгеге дейінгі мөлшердегі несиелер – «Даму» Қорының кепілдігі бар болғанда, субсидияланады.

Өңдеу өнеркәсібінің басым секторларындағы жобаларды субсидиялау
  • Субсидиялау мөлшері
    • 10% (тіркелген) * несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен;
    • 5% (тіркелген) * валюталық** бойынша несие/лизингтің сыйақы мөлшерлемесінен;
    • 4% (тіркелген) * даму банкінің валюталық** бойынша несие/лизингінің сыйақы мөлшерлемесінен.
    Субсидиялау мерзімі

    3 жыл (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен)

    Қаржыландыратын саласы

    МИИДБ сәйкес (төмендегі тізбені қараңыз) өңдеу өнеркәсібінің басым секторларын

    Субсидиялау түрі

    «Даму» Қорының 3 жақты келісім аясында банктермен қайтарусыз және тегін негізге дүркін-дүркін төлеуі

  • Несиенің мақсатты нысаны
    • Инвестициялауға ***;
    • Негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;
    • Айналым қаражатын толықтыруға ****.
    Жобаға меншікті қатысуы

    180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс.

  • Несие/лизингтің Max мөлшері

    4,5 млрд. теңгеге дейін

    Несие бойынша % мөлшерлемесі
    • ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;
    • Даму банкі үшін 13% аспайды.
    Несие/лизинг валютасы

    теңге, шетелдік валюта

    Несие/лизинг беру мерзімі
    • жаңа несие/лизинг шарттары бойынша 12 айға дейін;
    • бастапқы беру күнінен 4 жылдан көп емес.
    Айрықша шарттар

    ӨҮК мақұлдаған жобалар бойынша банк/лизингтік компания бұрын алынған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржылық жылы қайтарады.


* - туындаған айырманы кәсіпкер төлейді (мысалы, егер несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 13%, болса,онда 10% (5% валютада)(«Даму» Қоры арқылы)мемлекет төлейді, қалған 3% (8% валютада) сыйақыны кәсіпкер банк алдында өз бетінше өтейді).

** - қолда бар валюталық түсімде жалпы ақшалай түсім көлемінен 10% аз емес мөлшерде.

*** - инвестицияны несиелеу аясындағы айналым қаражатын қаржыландыруға болады, бірақ несиенің жалпы сомасынан 30% кем емес.

**** - 100% (қоса санағанда) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60,0 млн.теңгеге дейінгі мөлшердегі несиелер – «Даму» Қорының кепілдігі бар болғанда, субсидияланады.

Субсидиялау бағдарламасының шектеулері

Бағдарлама бойынша ШОК субъектілері және олардың жобалары/несиелері/лизингтік мәмілелерін субсидиялауға тыйым салынады:

  • Қайтару лизингі;

  • Екінші қайтара лизинг;

  • Қосалқы лизинг;

  • Овердрафт түріндегі;

  • ұйымдардың үлес, акцияларын, сонымен қатар мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды сатып алуға;

  • мемлекеттік даму институттарымен (даму банкін қоспағанда) берілген;

  • бюджет қаражатын есебінен арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі;

  • қонақ үйлер немесе мейманханалық кешендерді сатып алуға берілген;

  • моторлы көлік құралдары мен қолдан жүзімнен шарап жасайтын өндірісті қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды іске асыратын жобалар;

  • 2012 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1771 Қаулысына сәйкес мониторинг жасауға жататын ірі салық төлеушілер тізіміне кіргізілген минералды шикізатты қайта өңдеуді іске асыратын металлургия өнеркәсібіндегі жүзеге асып жатқан жобалар;

  • қиыршық тас пен құм карьерлерін қазуды қоспағанда, кен өндіру өнеркәсібінде әрекет ететін;

  • құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер(ҰБХ), ұлттық компаниялар(ҰК) мен ұйымдар, елу және одан да көп пайыз акциясы (Жарғы капиталына қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын қоспағанда) тиесілі, сонымен қатар меншік үлгісі жеке құрылтайшы ретінде ресімделген заңды тұлға.

Субсидиялау бағдарламасының қатысушы банктері

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

  • «Банк Центр Кредит» АҚ

  • «Қазақстан халық банкі» АҚ

  • «ForteBank» АҚ

  • «AsiaCredit Bank» АҚ

  • «Delta Bank» АҚ

  • «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ

  • «Еуразиялық Банк» АҚ

  • «Bank RBK» АҚ

  • «АТФ Банк» АҚ

  • «Цеснабанк» АҚ

  • «Нұрбанк» АҚ

  • «ҚазИнвестБанк» АҚ

  • «Альфа Банк» АҚ ЕБ

  • «Kassa Nova Банк» АҚ

  • «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ

  • «Астана Банкі» АҚ

  • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ

  • «Эксимбанк Казахстан» АҚ

  • «Altyn Bank» АҚ

  • «Qazaq Banki» АҚ

  • «Заман Банк» АҚ

  • «Capital Bank Kazakhstan» АҚ

  • «Kaspi Bank» АҚ

  • «RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ

  • «Казахстан-Зираат Интернешнл Банк» ЕБ» АҚ

  • «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ ЕБ
    («МБ «Алма-Ата» АҚ)

  • «Шинхан Банк Казахстан» АҚ

  • «Ситибанк Казахстан» АҚ

  • «БанкПозитив (Апоалим Б.М. Банкінің еншілес банкі)» АҚ

  • «Қазақстандағы Қытай Банкі» АҚ ЕБ

  • Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық Банкі» АҚ ЕБ

  • «Tengri Bank» АҚ

  • «Al-Hilal» Ислам Банкі» АҚ

  • «Алматыдағы Қытайдың сауда-өндірістік Банкі» АҚ

лизингтік компаниялар – субсидиялау бағдарламасының қатысушылары

  • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» АҚ

  • «Сбербанк Лизинг Қазақстан» ЖШС

  • «Нұрбанк» АҚ еншілес ұйымы «Нур Лизинг» Лизингтік компаниясы ЖШС» АҚ

  • «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ

  • «Евразиялық лизинг» ЖШС

  • «Астана Финанс» Лизингтік компаниясы» АҚ

  • «Astana Motors Leasing» ЖШС

  • «СК Лизинг» АҚ

  • «Leasing group» АҚ

  • «ТехноЛизинг» ЖШС

  • «ЗАМАН-ЛИЗИНГ» ЖШС

  • «Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ

Экономиканың басым секторларының тізбесі

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

Секция ЭҚЖЖ коды Атауы

Аграрөнеркәсіп кешені

01 Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру
03 Балық шаруашылығы және аквадақылдары
10 Тамақ өнімдерін өндіру
11.06 Ашытқы өндіру
11.07 Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1 Қиыршықтас және құм карьерлеріни қазу
09 Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13 Тоқыма өнімдерін өндіру
14 Киім өндіру
15 Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндіру
16 Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру
17 Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
18 Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру
20 Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
21 Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру
22 Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
31 Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23 Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машинажасау өнеркәсібі

24 Металлургия өнеркәсібі
25 Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру
26 Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру
27 Электр жабдықтарын өндіру
28 Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру
29 Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру
30 Басқа да көлік құралдарын өндіру
33 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32 Өзге де дайын бұйымдар өндіру
35.11.4 Басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі
35.11.2 Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі
38 Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату
39 Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

Көлік және жинақтау

45.2 Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
49.3 Құрлықта жүретін басқа да жолаушылар көлігі
49.41 Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау
50 Су көлігі
52 Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі
53 Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьер қызметі

Туризм

55.10 Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі
55.20 Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру
55.30 Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары

Ақпарат және байланыс

59.14 Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет
61 Байланыс
62 Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2 Бухалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар
71 Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет
72 Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер
74 Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
75 Ветеринариялық қызмет
81 Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

Білім беру

85 Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86 Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
87 Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну
88 Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91 Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі
93 Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95 Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу
96.01 Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)


Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының тізбесі

ИИДМБ сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ-4 Атауы
1) Қара металлургия;
2410 Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі
2420 Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі
2431 Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)
2432 Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу
2433 Суықтай пішіндеу немесе бүктеу
2434 Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі
2) Түсті металлургия;
2441 Асыл (бағалы) металдар өндірісі
2442 Алюминий өндірісі
2443 Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі
2444 Мыс өндірісі
2445 Өзге де түсті металдар өндірісі
3) Мұнай өңдеу;
1920 Мұнай және мұнай өнімдері
4) Мұнай-газ химиясы;
20.14 Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі
20.16 Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі
20.17 Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі
5) Азық-түлік өндірісі;
1011 Етті өңдеу және консервілеу
1012 Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
1013 Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі
1020 Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
1031 Картопты өңдеу және консервілеу
1032 Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі
1039 Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері
1041 Майлар мен тоң майлар өндірісі
1042 Маргарин мен ұқсас жануарлар тоң майлар өндірісі
1051 Сүтті өңдеу және ірімшік өндірісі
1061 Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
1062 Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі
1071 Нан өндірісі; жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар және пирожныйлар өндірісі
1072 Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ мерзімді сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, пирожныйлар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
1073 Макарон өнімдерінің өндірісі
1081 Қант өндірісі
1082 Какао, шоколад және қанты көп кондитер бұйымдарының өндірісі
1083 Шай және кофе өңдеу
1085 Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі
1086 Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі
6) Агрохимия;
2015 Тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қоспалардың өндірісі
2020 Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі
7) Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі;
2011 Өнеркәсіп газдарының өндірісі
2012 Бояғыштар мен пигменттер өндірісі
2013 Негізгі бейорганикалық қосындылар өндірісі
2030 Бояулардың, лактардың және ұқсас бояғыш заттардың өндірісі
2041 Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттардың өндірісі
2051 Жарылғыш заттардың өндірісі
2059 Өзге химиялық өнімдердің өндірісі
8) Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі;
2910 Автокөлік құралдарын шығару
2920 Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару
2931 Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару
2932 Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару
3099 Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару
9) Электрлік машиналар және электр жабдықтары өндірісі;
2521 Радиаторларды және орталық жылу қазандықтарын өндіру
2529 Өзге металл цистерналарды, ыдыстарды және контейнерлерді өндіру
2530 Орталық жылу қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын өндіру
2711 Электр моторларын, генераторларды және трансформаторларды өндіру
2712 Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндіру
2720 Батареялар мен аккумуляторлар өндіру
2731 Талшықты-оптикалық кәбіл өндіру
2732 Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерін өндіру
2733 Электр құралдарын өндіру
2740 Электр жарық беру жабдығын өндіру
2790 Басқа да электр жабдығын өндіру
2811 Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдық қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндіру
2825 Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығын өндіру
10) Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі;
2830 Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі ауыл шаруашылығы машинасын жасау қызметінің басым түрі болып табылады.
11) Теміржол техникасының өндірісі;
3020 Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі, сондай-ақ, теміржол техникасына жинақтаушылар өндірісі сектор қызметінің басымды түрі болып табылады.
12) Тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
2891, 2892, 28997 Қызметтің басым түрлері металлургияға арналған машиналар мен жабдықты, тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерастын игерумен құрылысына арналған техниканы, басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсаттағы басқа машиналар мен жабдықты өндіру болып табылады.
13) Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдық өндірісі;
2812 Гидравликалық жабдық өндіру
2813 Өзге сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен клапандарды өндіру
2814 Өзге крандар мен бұрандамаларды өндіру
2829 Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықты өндіру
28998 Басқа топтарға енгізілмеген, арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықты өндіру
14) Құрылыс материалдарының өндірісі
1621 Кілтек,шере, тақталар мен панельдерді өндіру
2221 Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және профильдер өндіру
2223 Құрылыс пластикалық бұйымдар өндіру
2311 Табақты шыны өндіру
2312 Табақты шыныны жасау мен өңдеу
2313 Іші қуыс шыны бұйымдарын өндіру
2314 Шыны талшықты өндіру
2319 Өзге де шыны заттарын өндіру мен өңдеу
2320 Отқа төзімді бұйымдарды өндіру
2331 Керамикалық жабындар мен плиталар өндіру
2332 Кірпіш, жабыңқыш және күйдірілген саздан өзге де құрылыс заттарын өндіру
2342 Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдықты өндіру
2343 Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасын өндіру
2349 Өзге керамикалық бұйымдарды өндіру
2351 Клинкерді қоса алғанда, цемент өндіру
2352 Әктас пен құрылыс гипсін өндіру
2361 Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру
2362 Құрылыс мақсаттары үшін гипстен бұйымдар өндіру
2363 Пайдалану үшін дайын бетон өндіру
2364 Құрғақ бетон қоспаларын өндіру
2365 Асбестцементтен және талшықты цементтен бұйымдар өндіру
2369 Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен өзге бұйымдар өндіру
2370 Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
2399 Басқа топтарға енбеген, металл емес өзге минералды өнімді өндіру

Қазақстан Республикасының шағын және моноқалалар тізбесі

Салалық шектеусіз қолдау көрсетілетін шағын және моноқалалар тізбесі

Р/с № Атауы мәртебесі 2014 жылдың 1 қаңтарындағы халық саны, мың адам Мамандандырылуы (орналасуы) Экономикалық даму әлеуеті
1 2 3 4 5 6

Ақмола облысы

1 Ақкөл қ. шағын қала 13,7 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы) жоғары
2 Атбасар қ. 29,7 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа
3 Державинск қ. 6,3   төмен
4 Есіл қ. 10,9 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа
5 Ерейментау қ. 10,4 өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойлай) орташа
6 Макинск қ. 17,1 өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойлай) орташа
7 Степняк қ. 3,8   төмен
8 Щучинск қ. 45,9 туризм, рекреация (магистраль бойлай) жоғары
9 Степногорск қ. моноқала 66,7 кен өндіруші және өңдеу өнеркәсібі орташа

Ақтөбе облысы

1 Алға қ. шағын қала 19,9 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы) орташа
2 Жем қ. 1,9   төмен
3 Қандыағаш қ. 31,9 көлік торабы жоғары
4 Темір қ. 2,5   төмен
5 Шалқар қ. 27,7 көлік торабы орташа
6 Ембі қ. 11,7 көлік торабы орташа
7 Хромтау қ. моноқала 25,2 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі жоғары

Алматы облысы

1 Есік қ. шағын қала 38,2 туризм (агломерация аймағы) жоғары
2 Жаркент қ. 42,7 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
3 Қаскелең қ. 64,4 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы) жоғары
4 Қапшағай қ. 43,5 рекреация (агломерация аймағы) жоғары
5 Саркант қ. 13,9 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа
6 Талғар қ. 48,1 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы) жоғары
7 Үшарал қ. 17,3 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
8 Үштөбе қ. 24,8 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа
9 Текелі қ. моноқала 30,8 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі орташа

Атырау облысы

1 Құлсары қ. моноқала 55,5 өңдеу өнеркәсібі орташа

Шығыс Қазақстан облысы

1 Аякөз қ. шағын қала 37,3 көлік торабы орташа
2 Зайсан қ. 15,6 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
3 Шар қ. 7,7 көлік торабы орташа
4 Шемонаиха қ. 18,2 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
5 Зыряновск қ. моноқала 37,9 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі орташа
6 Курчатов қ. 11,7 орташа
7 Риддер қ. 58,0 жоғары
8 Серебрянск қ. 9,1   орташа

Жамбыл облысы

1 Шу қ. шағын қала 35,9 көлік торабы жоғары
2 Жаңатас қ. моноқала 21,6 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі төмен
3 Қаратау қ. 27,6 орташа

Батыс Қазақстан облысы

1 Ақсай қ. моноқала 33,6 кен өндіру өнеркәсібі орташа

Қарағанды облысы

1 Қарқаралы қ. шағын қала 8,7 рекреация (туризм) орташа
2 Приозерск қ. 13,3 рекреация (магистраль бойлай) орташа
3 Балқаш қ. моноқала 78,0 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі орташа
4 Жезқазған қ. 89,0
5 Қаражал қ. 19,2
6 Сарань қ. 51,4
7 Сәтпаев қ. 70,2
8 Теміртау қ. 182,6 жоғары
9 Шахтинск қ. 57,3 орташа
10 Абай қ. 27,9

Қостанай облысы

1 Арқалық қ. моноқала 41,7 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі төмен
2 Жітіқара қ. 35,2 орташа
3 Лисаковск қ. 41,2 орташа
4 Рудный қ. 128,3 жоғары

Қызылорда облысы

1 Арал қ. шағын қала 31,7 өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойлай) орташа
2 Қазалы қ. 7,2 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа

Маңғыстау облысы

1 Форт-Шевченко қ. шағын қала 5,3 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (агломерация аймағы) орташа
2 Жаңаөзен қ. моноқала 130,6 кен өндіру өнеркәсібі орташа

Павлодар облысы

1 Ақсу қ. моноқала 69,4 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі жоғары
2 Екібастұз қ. 149,1

Солтүстік Қазақстан облысы

1 Булаево қ. шағын қала 7,8 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
2 Мамлютка қ. 7,3 орташа
3 Сергеевка қ. 7,4 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу төмен
4 Тайынша қ. 11,5 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (магистраль бойлай) орташа

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 Арыс қ. шағын қала 41,9 көлік торабы орташа
2 Жетысай қ. 29,9 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу (шекарамен шектес) орташа
3 Леңгір қ. 24,7 өңдеу өнеркәсібі (агломерация аймағы) жоғары
4 Сарыағаш қ. 39,9 рекреация (шекарамен шектес) орташа
5 Шардара қ. 30,9 электр энергиясын өндіру (шекарамен шектес) орташа
6 Кентау қ. моноқала 90,7 кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі орташа

Қосымша ақпараттар бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына жүгініңіз, сонымен қатар Сall-орталыққа мына тел. 8 (727) 244-55-77 немесе қалалық және ұялы нөмірлерден 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз.