Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» қоры 140 астам жобаға 6 миллиард теңге субсидия төлемекші

Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша отырыс өткізді. Жұмыс тобы өтініш берген кәсіпорындардың жобаларын қарастырды. Қиындыққа тап болған кәсіпорындарды қолдау мақсатында субсидия беріледі. Яғни қор банктерден алған несиелерін өтеуге көмектеседі.

Бүгінгі күні 70 млрд теңгеге бағаланатын 140-тан астам жоба мақұлдаудан өтті. Ал мемлекеттен нақты көмек алып үлгерген 37 кәсіпкерге алдағы 3 жыл ішінде 6 млрд теңге субсидия төленбекші. 2010 жылы бизнестің жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді.

Нұрлан Шоқбарбаев, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инновациялық саясат департаментінің басқарма бастығы:

Бизнестің 2010 жылғы жол картасы бағадарламасы – мемлекеттік үдемелі бағадарлама шеңберінде асып жатқан дүние. Шикізаттық емес салаға бағытталған кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз.

Бексұлтан Тұрғанбекұлы, «Даму» қоры басқарма төрағасының кеңесшісі:

Бұл жолғы қарастырылған жобалардың басым көпшілігі – өңдеу және нақты тауар өндіру бойынша жұмыс істеп жатқан нақты кәсіпорындар. Өздеріңіз көрдіңіздер, 5-6 адам ғана жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың да, 1000 адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың да өтініштері қаралып, қолдау тауып жатыр. Бизнестің жол картасы бағдарламасының бүгінгі көрсеткіштері о баста бағдарлама басталғандағы күтілген нәтижеден әлдеқайда асып отыр.