Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Даму қоры мүгедектерге қолдау көрсетуде

Ақтөбеде мүгедектер өз істерін ашып, кәсіпке белсене кірісіп жатыр. Олар «Бизнес кеңесші» бағдарламасының аясында жеке кәсіппен шұғылданудың қыр-сырын меңгерді. Бұған «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры көмектесуде. Қор арнайы сайт ашып, кәсібін бастаймын дегендерге демеуші іздеп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі 16 адам бизнеспен айналысуға ниет білдірген.

Мұздыбай Беркімбаев етікшіліктің қыр-сырын үйреніп алған. Енді осы салада бизнес ашып, оны дамытуды көздеп отыр. Ақтөбенің ортасынан шағын бөлмені жалға алып, етік жөндеуді бастап та кетті.

Етік тігетін құралдар жеткіліксіз. Оны қолдан келгенше ескі кір жуғыш машинасының бөлшектерінен жасап алған Мұздыбай істің оңға баспай тұрғанын айтып, «Даму» қорының көмегіне жүгінген болатын. Екі арадағы дәнекер қор жергілікті серіктестікке ұсыныс тастады. Кәсіпкердің қолдауымен етікші су жаңа тігін машинасын иеленді.

Мұздыбай Беркімбаев, ІІІ топтағы мүгедек:

Осы маған жасалған бірінші сый. Мен тіпті сенген жоқпын ондай болады деп. Арыз тастадым, 5-6 айдан сон спонсор келеді деді. Ол келді. 1-2 рет көрдім. Алдымен ішті қарап шығып, машинкадан бастайық деді. Сөйтіп, машинкадан бастадық, қалғанын кейін көре жатармыз.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту бүгінгі өзекті мәселе. «Даму-Көмек» бағдарламасы осындай кембағал жандарға жеке кәсібін ашуға мүмкіндік жасайды. Қор қаржылай көмек көрсетпейді. Арнайы сайт ашып, онда көмекке зәру мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің арызын орнаталастырған. Осылай демеушілер тартуда.

Берік Нұрғалиев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының аймақтық бөлімшесінің бас менеджері:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Бизнес кеңесші» деген көмек көрсететін ең ауқымды бағдарламасы бар. Сол бағдарлама шеңберінде өткізілетін оқыту тренингтеріне мүмкіндігі шектеулі адамдарды қатыстырып, олардың білім алуын қамтамасыз етеміз. Ақтөбе облысы бойынша бағдарлама 3 кезеңде жүзеге асып, 18 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер білім алды.

«Аш адамға балық ұстап берме, балық аулауды үйрет» демекші, істі қолға алғандарға заң тұрғысынан кеңес беріліп, жолы көрсетіледі. Бұдан нәтиже шығарып жатқандар да баршылық. Ал кәсіптерін бастап кеткендердің дені еңбекке өздері секілді мүгедектерді тартып жатыр. Бағдарламаның көздегені де осы.