Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы (3 транш) (Тұрақтандыру бағдарламасы – III транш)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОКС) жобалары Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 12,5% аспайды



Қарыз сомасы

750 000 000 тг дейін

Қарыз мерзімі

84 айға дейін

Қаржыландыру салалары

жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ

Қарыз валютасы

Қор ақшасы есебінен – теңге;
Банк ақшасы есебінен – теңге немесе шетел валютасы

Несиелік желі бойынша қаражатты игеру

шарт жасалған соң 2 ай ішінде игеруді бастау

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті мерзімі

айналым қаражатын толықтыруға - 6 айға дейін;
өзге мақсаттарға - 12 айға дейін

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша (ШОКС-не қарыз беруге) тыйым салынады:

  • Бағдарлама қаражаты есебінен әр түрлі банктер, қаржылық ұйымдардан бір уақытта Қарыз алуға;

  • жағымсыз кредит тарихы бар;

  • салық бойынша берешегі бар және бюджетке міндетті өзге төлемдері бар;

  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсатында;

  • Қордың өзі тікелей қаржыландырған ШОКС жобаларынан бөлек, қаржыландыру көзі Қор болып табылатын ШОКС-ң қолданыстағы қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаты үшін

Бағдарламаға қатысушылар

  • «ForteBank» АҚ

  • «Цеснабанк» АҚ

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

  • «АТФ Банк» АҚ

  • «Еуразиялық Банк» АҚ

  • «Нұрбанк» АҚ

  • «Астана Банкі» АҚ

Серіктес Банктер бағдарламаны жүзеге асыруға меншікті қаражатымен қатыса алады. Ақиқатында тек «АТФ Банк» АҚ Бағдарламаны жүзеге асыруға Қор қаражатына 1:1 арасалмағында меншікті қаражатымен қатысады. Бастапқыда Бағдарламаға 117,0 млрд.теңге сомасында қаражат салған 12 серіктес Банк қатысқан. Бағдарлама қаражатының («АТФБанк» АҚ қаражатын есепке алғанда) жалпы сомасы 127,0 млрд.теңге.
«Банк Центр Кредит» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ және «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатты. «Банк Центр Кредит» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ және «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ бөлген қаражатты алып тастағанда, Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 93,3 млрд. теңге.


Бағдарлама Соңғы қарыз алушыларды кейіннен несиелендіру үшін белгілі (мақсатты және шектемелі) жағдайда қаражатты Қордың серіктес банктерге салу жолымен іске асырылады.
Өзге талаптарды ЕДБ өздері белгілейді.