Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Кәсіпкерлікті қолдау шараларын жандандыру мақсатында

25 ақпан 2011 ж., 09:24

Даму қорының Маңғыстау филиалы ғимаратында, филиал бастамасымен Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарында кәсіпкерлік мәселелерімен айналыстатын жауапты тұлғаларға арналған кеңейтілген семинар өткізді. Бұл семинарға Қарақия,Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу аудандарының және Жаңаөзен, Ақтау қалаларының кәсіпкерлік бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Семинар екі бөлімнен тұрды:

- «Даму» қорының шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламалары,

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.

Алғашқы бөлімде «Даму» қорының шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламалары жөнінде филиалдың ссудалық портфелі жөніндегі бас менеджері Құсайнов Асет кеңінен әңгімеледі. Бұл бөлімнің соңында кәсіпкерлік бөлім басшылары аталған бағдарламалардың қолдану механизмдері және талаптары туралы қызу пікірталас тудырды. Қойылған сұрақтарға да жауаптар алды.

Түпқараған ауданы кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Утебалиев Д.: Бүгінгі таңда Түпқараған ауданының жұртшылығы кәсіпкерлікпен айналысуға кең көңіл бөлуде, алайда қаржы тапшылығы қол байлау болып отыр. Дегенменен, Даму қорының шағын қалаларға арналған бағдарламасы кәсіпкерлерге аз да болса комегін тигізер деген сенімдемін.

Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайыров Е.: Бүгінгі таңда Даму қорының Жаңаөзен бағдарламасы арқылы несие алудың қиындығы екінші деңгейлі банктердің кепіл мүлікті алу талабында болып отырғаны жасырын емес, сондықтан да бұл қаржының игерілмей отыру себептерінің бірі. Бірақ, Үкіметте қарастырылып жатырған несие алуға орта бизнес субъектілерінде қосу, бағдарламаның жеткілікті игерілуін қамтамасыз етуге септігін тигізері қақ.

Түстен кейін жалғасқан семинардың екінші бөлімін филиал директоры Утепбаев Б. жалғастыра келе «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төрт бағыттары жөнінде жан-жақты талдап, талаптары мен орындалу механизмдерін жете түсіндірді.

Аталған бағдарламаның орындалу барысы жөнінде де семинарға қатысушылар көптеген сұрақтарға жауаптар алды.

Мұндай семинарлардың қажеттілігіне баса назар аударған аудан кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары ризашылықпен тарасты.