Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 8,0% аспайды



Қарыз сомасы

750 000 000 тг дейін

Қарыз валютасы

теңге

Қарыз мерзімі

84 айға дейін

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті мерзімі

24 айға дейін

Қаржыландыру салалары

Төменде келтірілген өңдеу өнеркәсібінің ішкі салаларының тізбесіне сәйкес

Несиелік желі бойынша қаражатты игеру

шарт жасалған соң 2 ай ішінде игеруді бастау

Айыппұл мен төлемақы өсімдері

Әріптес банктердің ЖКС негізгі борышты дер кезінде өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін және ЖКС Бағдарлама аясында қайта қаржыландырылатын қарыздары бойынша сыйақылар үшін айыппұл мен төлемақы өсімдерін есептен шығару мүмкіндіктері

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша ЖКС-не қарыз беруге тыйым салынады:

  • 10 АЕК асатын салық және өзге бюджет төлемдері бойынша берешегі бар болса;

  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсатында;

Бағдарламаға қатысушылар

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

  • «ForteBank» АҚ

Өңдеу өнеркәсібінің басым секторларының тізбесі

Өңдеу өнеркәсібімен айналысатын ШОК субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін басым секторлар тізбесі

ЭҚЖЖ коды Атауы
10 Азық-түлік өндірісі
11 Сусындар өндірісі
13 Тоқыма өнімдерінің өндірісі
14 Киім өндірісі
15 Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі
16 Жиһаздан басқа ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан жасалатын бұйымдар және өруге арналған материалдар өндірісі
17 Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі
18 Жазылған материалдарды қалпына келтіру және басу
20 Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі
21 Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі
22 Резіңке және пластмасса өнімдерінің өндірісі
23 Металл емес өзге минералды өнім өндірісі
25 Машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдері өндірісі
26 Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі
27 Электр жабдықтары өндірісі
28 Өзге категорияға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі
29 Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі
30 Өзге көлік құралдары өндірісі
31 Жиһаз өндірісі
32 Өзге дайын бұйымдар өндірісі

Бағдарлама шеңберінде «Байтерек Девелопмент» АҚ 18 млрд. теңге соманы кейіннен өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС) қаржыландыруға/қайта қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге депозитке орналастырады.
Әріптес банктер қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70% - «Байтерек Девелопмент» АҚ қаражаты, 30% - Әріптес банктер қаражаты) өз қаражатымен қатысады.

ЖКС қаржыландыру/қаржыландыру туралы алдын ала шешімді Әріптес банктер өздері қабылдайды, содан кейін олар ЖКС жобалары бойынша ақпаратты ЖКС жобаларын мақұлдау үшін Қор жанынан құрылған Комиссияның қарауына жібереді.

ЖКС қарызды Банктік қарыз шартын/Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;

Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.