Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Мемлекет кәсіпкерлердің әлеуетін арттыруға ден қойды

18 наурыз 2011 ж., 19:07

«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының жаңа - төртінші бағыты өндірісті жаңғырту және бизнесті басқаруда заманауи үлгілерді енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған. Осы бағыт аясында: кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар); қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету; шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту; өндірісті шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату жолымен жаңғырту және ұлғайту (одан әрі – жоба «Іскерлік байланыс»); еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр дайындау және қайта дайындықтан өткізу сияқты қолдау түрлері ұсынылады.

Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және қолданыстағы кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау тегін көрсетіледі. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – Қор) Бағдарламаның төртінші бағытының (кадр дайындау және қайта дайындықтан өткізуден басқасы) Операторы болып табылады.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлерді аймақтардағы жергілікті атқару органдары (одан әрі – ЖАО іріктейді.

Кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді қолдау - кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және бизнес ашу және оны жүргізу үшін стандартты құжаттар пакетімен қамтамасыз ету болып табылады.

Қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету ЖАО-ның келісімі бойынша мамандандырылған сервистік қызмет көрсететін компаниялардың кәсіпорындарға консультация беруінен және олардың негізгі бизнес-үдерістеріне қызмет көрсетуінен тұрады.

Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебі негізінде жүргізіледі және заманауи оқыту үлгілерін қолдана отырып, бизнес-курстар ұсынуды ойластырады.

«Іскерлік байланыс» жобасы жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқытуды және үздік бизнес-жоспарлау әзірлейтін қатысушылар үшін шетелде машықтануды ұйымдастыруды қарастырады.

Қазіргі уақытта төртінші бағытты іске асыру ережелері әзірленуде, ол туралы қауымдастық өкілдерімен алдын ала талқылау олардың ескертулері мен тілектерін назарға алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында және өнеркәсіп салаларында жұмыс істеп жүрген Қазақстан кәсіпкерлерінің әлеуетін асыру үшін «Даму» Қоры қызметінің Стратегиясына сәйкес Өнеркәсіп кәсіпкерлігін дамыту орталығы (одан әрі – ӨКДО) құру жоспарланып отыр. ӨКДО құруға әзірлік аясында дамушы елдер өндірісінің тұрақты дамуына жәрдемдесу миссиясымен келген UNIDO, БҰҰ мекемесі өкілдері Алматы қ. іссапарда жүр. ӨКДО өнеркәсіп кәсіпорындарын кәсіби қолдаумен қамтамасыз етіп, өндірістік компаниялардың бәсекеқабілеттілігін күшейтуге қолдау көрсетеді.

*" Даму " кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы " 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық дамуын ынталандыру және мемлекеттің шағын бизнесті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында банктік емес жабық акционерлік қоғам үлгісіндегі қаржы мекемесі ретінде құрылды .

" Даму " кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ ШОБ-тің дамуына барлық сатыда қолдау көрсетуге бағдарланған ұлттық даму институты болып табылады .

Оның 100% акциясын " Самұрық - Қазына " Ұлттық әл - ауқат қоры " АҚ иелік етеді . " Даму " қорының мақсаты - қаржылық және консалтингтік қызметтерді ұсынушы оператор және үйлестіруші ретінде шағын және орта бизнестің , микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу .

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметі

Тел: 8-(727) 244-55-66 (ішкі - 244; 229); тел/факс: 244-82-64 (тікелей);

e-mail: bektur@fund.kz