Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Өндіріске көрсетілген қолдау өркендеуге жол ашты

4 сәуip 2011 ж., 17:33

Атырау облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша «Эртри» ЖШС 2010 жылдың аяғында қолдау көрсетілген болатын.

Бүгінгі таңда бұл кәсіпорын алынған несие арқасында өз өндірісін кеңейтіп, кәсіпкерлік қызметін одан әрі дамытуда.

1992 жылы құрылған «Эртри» кәсіпорны осы уақыт аралығында химиялық қорғанысы жоғары, төзімді әрі ыңғайлы арнайы аяқкиімдер мен арнайы киім үлгілерін шығару өндірісін жолға қойған болатын. Осы уақыт аралығында кәсіпорындағы жұмыс орны 16-дан 46-ға дейін жеткен. Кәсіпорын жетекшісі Олег Тасуньянның айтуынша, айына бұл кәсіпорында тапсырысқа қарай 1 мың жұп арнайы аяқкиім мен киім шығарылады екен, негізгі тұтынушысы жергілікті мұнай өндіруші компаниялар. Айта кетерлігі, аталмыш материалдан жасалған аяқкиім 400 грамға дейін жеңіл болып келеді.

«Эртри» ЖШС Қазақстанда алғашқы болып полиуретан материалынан аяқкиім табанын жасай бастаған. Бұл мақсатта Итальяндық «Гузби» фирмасынан алынған бірегей станок қолданылып келеді. Кәсіпорынға құны 300 мың евродан асатын қымбат станокты сатып алуға «Бизнестің Жол Картасы- 2020» бағдарламасы септігін тигізді дейді кәсіпорын жетекшісі. «Біздің іскерлік бастамаларымыз «Даму» қоры арқылы дер кезінде мемлекеттік қолдауға ие болып, жоспарлаған үдеден шықтық. Енді заманауи станоктың көмегімен сағатына 60 жұп аяқ киім шығарып отырмыз» - дейді кәсіпкер.

Атырау өңірі ғана емес, Қазақстан үшін де маңызы бар өндіріс ошағының барлық тауары сапа стандарттары бойынша сертификаттаудан өтіп, бәсекеге қабілетті өнім екендігі дәлелденіп отыр.