Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Бизнестің Жол Картасы - 2020» бағдарламасын түсіндіру шаралары жалғасуда

29 сәуip 2011 ж., 11:15

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Атырау қалалық әкімдігінің ғимаратында, Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесе отырып, «Даму» кәспікерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы Атырау қаласы кәсіпкерлеріне «Бизнестің Жол Картасы – 2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде семинар өткізді.

Аталмыш шараға 50-ден астам кәсіпкер қатысып, өз сұрақтарын қойып жаңа мәліметтер алды. Оларды әсіресе 4-ші бағыты бойынша кадрларды дайындау және қайта дайындау, сервистік қызмет көрсету мәселелері қызықтырды. Баяндама жасаған Атырау филиалының менеджері Мұсаұлы Әлібек бағдарламаның жүзеге асыру тетіктерін түсндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.