19 мамыр 2012 ж. 06:01 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

Маңғыстау облысының кәсіпкерлерінің назарына! «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға өтінімдер мен сауалнамалар қабылдау жалғасуда.

7 қыркүйек 2011 ж., 10:11

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» төртінші бағыты аясында «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға өтінімдер мен сауалнамалар қабылдау жалғасуда.

Жоба халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті жаңартуға қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Қазақстан Республикасы аумағында бизнес-тренингтер өткізуді, екінші кезең – Жобаның бірінші кезеңінен сәтті өткен, сонымен қатар, «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес – мектебінде оқыған кәсіпкерлердің сәйкес шетел кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуін қарастырады.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін қажет құжаттар пакеті:

• Жобаға қатысуға өтінім ;

• Жобаға қатысуға сауалнама ;

• жеке төлқұжат көшірмесі;

• қосымшасымен бірге жоғарғы білім туралы диплом көшірмесі;

• Жобаға қатысуға мотивация туралы қысқаша анықтама ( белгіленген нысанға сәйкес )

• жұмыс орнынан анықтама ;

• 3х4 өлшемді 2 дана сурет;

• кандидаттың атына тіркелген ЖК, ЖШС лицензиясының немесе куәлігінің көшірмесі ;

Ескерту: әрбір өтінім берушінің құжаттар пакеті қатысушының Т.А.Ә., кәсіпорын атауының, жоба атауының (мысалы, кеңсе жиһаз өндіру бойынша өндірісті жаңғырту, алкогольсіз сусындар өндіру және т.с.с), ЭҚЖЖ классификациясына сәйкес саласының және ішкі саласының көрсетілуімен тезтікпеде тапсырылуы қажет.

Өтінімдерді және сауалнамаларды қабылдау мерзімі 2011 жылғы 12 қыркүйекке дейін.

Нақты ақпарат алу үшін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 8/7292/316408, 314698 телефондары арқылы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филалына 8/7292/335124, 335813 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Нравится
 
қыркүйек 2011
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
            1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30        
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына