Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Көмек» қол ұшын созды

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бизнеспен шұғылдануға ниет білдірген тағы да төрт адамға «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеу көрсетіледі.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының мәжіліс залында өткен жылы жүздесуге жиын себепкерлерімен қоса, «» ЖШС-ның өкілдері және Бақ өкілдері келді.

Азық түлік өндірумен айналысатын «» серіктестігі тігін шебері Қамыш Шәкәрімова, Бақыт Толумбековаларға заманауи тігін машинкаларын сыйға тартса, етік жөндеумен нәпақа тауып жүрген Самат Өмірбаев пен Талғат Банабаевтарға Қайрау станогын, қол тігін машинкасы мен бұрғыны тарту етті. Өз кезегінде материалдық қолдау алушылар серіктестік тарапынан жасалынған қамқорлыққа деген ризашылықтарын жасыра алмады.

2010 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Даму-көмек» бағдарламасы шеңберінде бұған дейін 20 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көрсетілген.