Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Жеңілдік алу үшін үш сатыдан өтуіңіз керек

Субсидияны қалай алуға болады?

Әлжаппар, Алматы облысы Субсидия алу үшін сіз алдымен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен танысуыңыз керек. Онда үш бағыттағы жобаға субсидия берілетіндігі көрсетілген. Егер сіз ниет еткен жоба сол бағыттарға сәйкес келіп жатса, онда банктен несие алып, оның 7 пайызын мемлекет өтеп беретіндей жеңілдікке қол жеткізе аласыз.

Ал субсидия алу үшін, әрине, ең алдымен, банкке жаңа кредит беру жөнінде өтініш түсіру керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан (www.damy.kz) ала аласыз. Егер банк несие беру және пайыздық мөлшерлемені төмендету жөнінде оң шешім шығарып жатса, онда сіз жергілікті әкімшілікке жүгіне аласыз. Олар қажетті құжаттар мен мәліметтерді толық жинап, оны жобаңызбен қоса, Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді. Ол кеңес субсидиялау мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды. Ал жобаңыз мақұлданса, әкімшілік Кеңес шешімін Экономикалық даму және сауда министрлігіне келісуге жібереді. Кеңес шешімімен танысқан министрлік сіздің жобаңызды не бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайынан әкімдікті құлақтандырады. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді, банкті және «Даму» қорын шығарылған шешіммен таныс етеді.

Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты шарт жасалады, яғни сіз, «Даму» қоры және банк үшеуіңіздің араңызда.