Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Ләззат Еркенқызы Ибрагимоваға қойылған сауалдар және оның жауаптары

Мен бизнеспен айналысқым келеді. Мен тұрған ауылда ауыл шаруашылығымен, саудамен айналысуға болады. Бірақ бәріне керегі - алдымен қаражат мәселесі. Сізден осы мәселеден көмек сұраймын.

Құрметті Ляззат Еркенқызы!
Мен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында тұрамын. 4 бала тәрбиелеп өсіріп отырмын. Жолдасым мектепте мұғалім.
Үй шаруасындағы әйелмін. Сіздің фондыңызбен және өмір жолыңызбен танысып үлкен әсерге бөлендім. Мен бизнеспен айналысқым келеді. Мен тұрған ауылда ауыл шаруашылығымен, саудамен айналысуға болады. Бірақ бәріне керегі - алдымен қаражат мәселесі. Сізден осы мәселеден көмек сұраймын.
Үлкен жетістіктерге жете беріңіз!
Орынбасарова Патшагүл


Құрметті Патшагүл!

Біз де Сіздің «Даму» Қорының жұмысына қызығушылық танытып, Қордың сайтына кіргеніңізге және сұрақ қойғаныңызға өте қуаныштымыз және сұрағыңызға төмендегідей жауап береміз:

Сіздің қойған сауалыңыздағы ақпаратқа қарап, Сіз әлі қандай да бір бизнестің түрімен шұғылдануға тоқталмаған сияқтысыз. Осыған байланысты, біз Сізге «Даму» қорының ұйымдастыруымен өтетін «Кәсіпкерліктің экспресс курсы» атты 2 күндік оқыту-тренингіне қатысуға шақырамыз. Бұл тренинг – өз бизнесін ашуға ниеттенген және кәсіпкер болсам деген адамдарға арналған.

Көбінесе, бір кәсіппен шұғылданғысы келетін адамның ойында көптеген бизнес-идеялар болады, Сіздің де ойыңызда көптеген бизнес-идеялар бар екенін байқап отырмыз. Бірақ сол бизнес-идеялардың ішінен қай бизнестің түрін ашу керек деген кезде, көп табыс әкелетін бизнестің түрін таңдап алу кімге де болса қиын екені бәрімізге мәлім. Көбінесе адамның ойына бірінші азық-түлік дүкенін ашу немесе басқа да бір тауарды сату арқылы саудамен айналысу деген сияқты идеялар келеді. Қандай да бір бизнестің түрін ашпас бұрын, бірінші болашақ кәсіпкер өз күші мен мүмкіндіктеріне баға беру арқылы және нарықты зерттеуден бастауы қажет. Міне, осындай қадамдық тәсілдер арқылы біз тренингте болашақта үлкен табыс әкелетін бизнес-идеяны таңдау, кәсіпкерлік психологиясына әзірлік жасау, өз бизнесіңіздің бизнес-жоспарын құру, оған маркетингтік жоспар жасау, қаржылық есебін және қызметкерлерді басқару тәсілдерін осы 2 күндік оқыту-тренингте тыңдаушыларымызға үйретеміз. Сондықтан да Сізге табысты кәсіпкер болу үшін, міндетті түрде біздің тренингке қатысуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Сіз «Даму» Қорының Қызылорда филиалына хабарласу арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында тегін таратылатын үлестірме материалдарды ала аласыз. Оның ішінде бизнестің көптеген түріне жазылған бизнес-жоспарлар үлгісі, маркетингтік зерттеулер үлгісі, технико-экономикалық негіздеме үлгісі және кәсіпкерге қажетті материалдары бар. Және «Даму» Қорының Қызылорда филиалынан ашылған «Кәсіпкерлікті қолдау орталығына» хабарласу арқылы да тегін кеңестерді ала аласыз.

Қаржылай қолдауға келетін болсақ, «Даму» Қоры бағдарламаларының барлығы бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Яғни «Даму» Қорының қаражаты банкілерде орналастырылған, оны әрі қарай банкілер кәсіпкерлерге несие ретінде таратады немесе банк қаражаты есебінен алынған несиелерді «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставкасын субсидиялайды, кәсіпкердің кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда несие сомасының 50 пайызына дейін кепілдеме береді. Осы айтылған мүмкіндіктерді пайдалану үшін, ең алдымен кәсіпкердің жобасы банкіден өтуі қажет, яғни банк кәсіпкердің жобасына несие беруге қарсы еместігі жөнінде шешім шығаруы қажет. Содан кейін барып, «Даму» Қоры несиеге кепілдеме беру немесе пайыздық үстемені субсидиялау туралы шешімін қабылдайтын болады. Сондықтан Сіз бірінші Қызылорда қаласында орналасқан банк филиалдарына хабарласуыңыз қажет.

Одан басқа қазіргі таңда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама бойынша толық ақпаратты аудандық жұмыспен қамту бөліміне хабарласу арқылы білуге болады.

Қызылорда облысындағы «Даму» Қорының аймақтық филиалының мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, н-сіз, облтелерадиокомпанияның жанында, тел. + 7 7242 26 44 76, толық ақпаратты менеджер Тобжанова Айнұрдан білуіңізге болады.

Сіз «Даму» Қорындағы стратегиялық миссияңызды неден көресіз?

Мен әлі жаспын, және де өзімді, алдымен, мемлекетімнің патриотымын деп есептеймін . Осы Қорда біраз уақыт еңбек еткеннен кейін, мүмкін, тек менімен, Ибрагимовамен, ғана байланысты болатын бір нәрсе қалатын болар . Мен екі заттың болғанын қалар едім. Біріншісі – Құзыреттің артуына оқу бағдарламасының қаржы ресурстарымен мемлекеттік деңгейде қолдау беріліп тұруы үшін, «Даму» Қоры белсенді жұмылдырылатын оқу бағдарламалары.

Екіншісі, «Даму» Қорындағы стратегиялық миссиямды неден көремін деген сауалға айтарым - екінші деңгейдегі банктерге кепілдік берудің нақты жүйесін құру. Барлық дамыған елдерде ШОБ мемлекеттік қолдау аясында құрылатын қаржы ұйымдары кепілдік беру жүйесіне бағытталмаған. Яғни бизнеске берілетін несиенің қайтарылатынына мемлекет кепілдік бере алады деген сөз. Бұл бизнестің несие алу мүмкіндігін арттырады. Алайда, бұл несиелеу өзін алмастырмайды. Банк тер , жеке капитал ретінде , жеке бизнес ке жеке меншік ақша береді . Алайда мемлекет: біздің елге шағын және орта бизнес қажет, және де ол дамуы тиіс дей отырып, осындай мәмілеге кепілдік беруі мүмкін. Міне, менің нақты екі міндетім осылар деп ойлаймын, және осылармен жұмыс істейтін боламын .

 

«Даму» Қорында қандай кадрлар қызмет етеді?

«Даму»Қорында 270 адам қызмет етеді. Ұйымның табысы – бұл үлкен миссияны орындау үшін белгілі бір уақытта біріккен нақты адамдардың табысы. Біздің белгілі бір табысымыз да бар. Біз өзіміздің кадр саясатымызға қатаң талап қоя білдік. Егер, мысалы, бірнеше жыл бұрын бір банк қызметкері қорға қызметке орналасқан болса, оны үлкен оқиға деп қабылдаушы едік, ал қазір бұл күнделікті тәжірибеге айналып отыр. Осы жақында ғана «АТФ Банк» филиалының директоры «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры болып бекітілді. Өзге аймақта, мысалы Орал қаласында, Батыс Қазақстан облысындағы банктердің көпшілігін кезек-кезек басқарған басшылардың бірі «Даму» Қорының БҚО бойынша аймақтық бөлімшесін басқарып отыр. Біз белгілі бір жұмыс әлеуеті бар, және де шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік сектор арқылы жұмыс істеу уақытының келіп жеткенін түсінетін жандарды іздейміз. Осындай ниеттегі жандар қатары өте көп.

Бізде дәл осындай себептер жүйесі жетерлік. Ол дегеніміз жалақының жеткілікті деңгейде болуы, және де біздің қызметкерлермен жүргізетін әртүрлі іс-шараларымыздың болуы. Барлық құпиямызды ашқым келмейді, алайда, біздің «Даму» Қорының өз әнұраны бар, HR бойынша оқулықтарда жазылған стратегиямыздың көптеген тармақтары бар, біз оларды іс-жүзінде орындап отырамыз. Біздің қызметкерлер өздерін еліміздің барлық жерінде топтастырылған үлкен команда, үлкен жанұя мүшесі ретінде сезінеді. Ішкі IP –телефония бойынша бір-бірімен әрқашан хабарласып, бір-біріне көмек бере алады. Біздің ұжымымыз өте қызықты әрі көпшілігін жастар құрайды, олармен жұмыс істеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.

Мен Қорда өстім, менің кәсіби жағынан қалыптасуым, сатылап жоғарылауым осы мекемеде басталды. Шын мәнісінде, мен көпшілігінің әлеуетін білемін, дегенмен де, егер мен дәл қазір өзіме өте жоғары талап қоятын болсам, онда ол өз әріптестеріме де сондай талап қоюға мүмкіндік беретінін түсінемін. Бұл үдеріс біртіндеп, үдемелі болады деп ойлаймын. Біз басты тиімділік көрсеткіштерінің жүйесін құрдық. Егер кімде-кім нақты нәтижелерге қол жеткізсе, оның жоғары лауазымға көтерілуіне мүмкіндігі бар. Бізде кадр резервтері де бар. Аймақтық бөлімшелер мен бас кеңсе арасында «маман алмастыру» жүргізіп отырамыз.

Осындай үлкен ұйым ішінде карьералық өсу мүмкіндігі де бар. Біз аймақтық филиал және құрылымдық бөлімшелер басшыларының деңгейлерінің үнемі жетіліп отыруы тиіс деп қатаң талап қоямыз. Алайда ол үшін, осы үдерісті басқарып отырған біздердің де – Басқарма мүшелерінің де басқару деңгейі артып отыруы тиіс.  

Сізді Қор Басқармасының Төрайымы етіп тағайындауға мұрындық болған не деп ойлайсыз?

Менің осы лауазымға тағайындалуым өзім үшін, әсіресе ұжым үшін үлкен ынталандыру болды деп түсінемін. Себебі көп жылдар бойы өздерімен бірдей дәрежеде жұмыс істеген қызметкерді Басшы етіп тағайындағанына өздері де куә болып отыр. Осы деңгейге еңбексүйгіштік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік арқылы жетуге болады деп ойлаймын. Менің жағдайымда «әлеуметтік көтерілу» - жұмыс ақиқаты, бұл қиял емес, бұл-шындық.