Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Шағын фирманың 9 артықшылығы

Бизнеспен жаңадан шұғылданушы кәсіпкер шағын бизнестің басты артықшылықтарын жақсы білу керек. Ол оған өзінің фирмасын құрып, оны әрі қарай жетілдіруде зор демеу болады.

1. Тәуелсіз жұмыс істеу . Шағын фирмалардың көбі басқару иерархиясын сақтамайды. Бұл ынталы да жігерлі кәсіпкерге іс-әрекет бостандығын береді .

2. Икемді әрі тез шешімдерді қабылдау мүмкіндігі. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын бизнестегі басқару шешімдерін қабылдау құрылымы оңтайландырылған, бұл болып жатқан өзгерістерге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін береді.

3. Жергілікті жағдайға икемді болу . Шағын бизнес жергілікті нарықтың сұраныстарын, салттарын, әдеттерін зерттеуге толық икемделген.

4. Операциялық шығындары төмен болады. Жалақы қоры біршама төмен, жабдықты сатып алу көп инвестицияны талап етпейді , басқаруға арналған шығындар азаяды .

5. Материалды табысқа тез жету мүмкіндігі . Сіз бір мезгілде жалақыны да, бизнестен түсетін үлесақыны да аласыз.

6. Ұзақ мерзімді пайдалар. Егер ісі оңға басса, кәсіпкер өз ісін керек болған кезде тез әрі тиімді сата алады.

7. Бірнеше мамандықты алып жүру . Көп адам әмбебап болуға тырысады ( қаржы маманы , менеджер т.с.с. ).

8. Өзіндік немесе дербес нарық артықшылығы . Әдетте ірі бәсекелес компаниялардың іс-әрекеттері бас кеңселері қарастырған процедураларға тәуелді болады. Шағын бизнес оларға қарағанда ширақ келеді, әсіресе нарық белгілі бір шарттарға немесе белгілі бір мерзімге байланысты болған жағдайда.

9. Кәсіпкерлік рухты сақтай білу. Дүниежүзілік статистикаға жүгінсек шағын фирмалардың инновациялық, кәсіпкерлік рухы өте жоғары болады, оған заманауи салаларда (электроника, гендік инженерия, компьютерлер) шағын бизнестің басым болуы дәлел болады. АҚШ-та шағын кәсіпорындарда істейтіндер арманшыл, қиялшыл болып келеді деседі.

Дереккөз : Бизнесмен болу жолдары