Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ақтөбеде білім беру саласындағы мекеме басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді

16 қаңтар 2012 ж., 15:59

Ақтөбеде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық филиалының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Шараның мақсаты білім беру саласында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері яғни жеке балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орталықтары, мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары және басқа да қосымша білім беретін ұйымдар басшыларына «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Айтжан Нұржанов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Жолдас Нұршин, «Даму» Қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев, сонымен қатар білім беру саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілері мен мекеме басшылары қатысты.

Шараны Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Айтжан Нұржанов ашып және жүргізді. Ол дөңгелек үстел қатысушыларын Бағдарламаның негізгі бағыттары, сонымен бірге Бағдарламаның Ақтөбе облысында жүзеге асу жағдайымен таныстырды.

«Даму» Қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев өз кезегінде жиналған кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберіндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары туралы айтып берді. Атап айтқанда, банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру шарттары мен механизмдері бойынша презентация жасалып, жобаларды субсидиялау мен кепілдік беру мәселелері бойынша нақты мысалдар келтірілді. Шара барысында Бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыты туралы да сөз қозғалып, қатысушыларға осы бағыт шеңберіндегі жұмыс жасап тұрған бизнеске сервистік қолдау көрсету, шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту, іскерлік байланыстар» жобасы, кадрлар даярлау және қайта даярлау компоненттері бойынша ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысу тұрғысындағы барлық сұрақтарына жауаптар берілді.