19 мамыр 2012 ж. 06:25 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

2011 жылы несие қоржынының жалпы сомасы 142,833 млн. теңгені құрайтын 625 жоба бойынша субсидиялау келісімшарты жасалды - «Даму» қоры

 «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру барысында айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, жол картасының бірінші және екінші бағыттары бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 238 335 млн. теңгені құрайтын 884 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағытында 803 өтініш, ал «Кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» атты үшінші бағытында 81 өтініш қанағаттандырылды. 2011 жылы несие қоржынының жалпы сомасы 142,833 млн. теңгені құрайтын 625 жоба бойынша субсидиялау келісімшарты жасалды, оның ішінде бірінші бағыт бойынша - 567, үшінші бағыт бойынша 58 жоба бар.

Ал бағдарламаның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты екінші бағыты бойынша өткен жылы Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобы жалпы сомасы 148 014 млн. теңгені құрайтын 170 өтінішті мақұлдады. Осы бағытта субсидиялауға қол қойылған 116 жоба келісімдердің жалпы құны 92 252 млн. теңгені құрайды.

Бірінші және екінші бағыт бойынша мақұлданған жобалар саны бойынша өңірлер арасында Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары көшбасшылық орында келе жатыр. Екінші бағытта Алматы қаласы және Алматы, Қостанай, Ақмола облыстары мақұлданған жобалар саны бойынша алда келеді. Ал екінші деңгейлі банктер арасында «БТА Банкі», «ЦентрКредитБанкі», «Қазақстан халық банкі», «АТФ Банкі» жобаларды мақұлдауда белсенділік танытуда.

«Даму» қорының бұл бағдарламасы іске қосылғаннан бері 9 479 млрд. теңге сомаға, оның ішінде бірінші бағытта - 2 875 млрд. теңге, екінші бағытта 3 923 млрд. теңге, үшінші бағытта 2 681 млрд. теңге субсидия аударылды.

Несие бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға ие болған жобалардың 49 пайызы өңдеу өнеркәсібі саласында, 18 пайызы көлік және қаттау секторында, ал 10 пайызы агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейді.

Кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 26 575 млн. теңгені құрайтын 85 өтініш мақұлданды. Несие қоржынының жалпы сомасы 4 527 млн. теңгені құрайтын 24 жоба бойынша кепілдендіру келісімшартына қол қойылды, оның ішінде кепіл сомасы 2 205 млн. теңге. Мақұлданған жобалар саны бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары өңірлер арасында жоғары белсенділік танытып отыр.

Толықтай алғанда бағдарламаны жүзеге асыру есебінен 85 мың жұмыс орны құрылды. Таяу үш жылдың ішінде бағдарламаның жүзеге асырылуы арқасында 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

Нравится
 
қаңтар 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
                        1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31                    
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына