19 мамыр 2012 ж. 06:27 Валюта курсы:  € = 188.09$ = 147.94P = 4.77                   
   

Қазақстандық кәсіпкерлердің танымал американдық компаниялармен әріптестік орнатуларына мүмкіндік пайда болды

Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы АҚШ, Флорида штатының Орландо қаласында өтетін франчайзинг миссиясына қатысуға байланысты қазақстандық кәсіпкерлерге қабылдау жариялады.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілер үшін пайдалы бұл ақпаратты бизнесмендер арасында қостанайлық «Даму» Қорының бөлімшесі таратты.

Қордың өкілі Динара Орымбаеваның сөзіне қарағанда, франчайзингтік миссияға қатысатын қазақстандық делегаттар ҚР-ғы АҚШ брендтік сусындар мен азық-түлік брендтерінің әріптестері болулары мүмкін.

«Қазақстандық кәсіпкерлерге алғашқы рет Қазақстанда өздерінің мекемелерін ашуға мүдделі болып отырған танымал американдық маркалардың өкілдерімен кездесу мүмкіндігі туып отыр», - дейді Д. Орымбаева.

Амарикандық маркалардың ішінде қазақстандық делегаттармен кездесуге қызығушылық танытып отырған танымал Applebee's, Hard Rock Café, Cold Stone Creamery және тағы да басқа брендтер бар.

Нравится
 
қаңтар 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
                        1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31                    
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

Самұрық-Қазына