Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Шағын кәсіпкерлік ОҚО-да мүгедектерге арналған кәсіпкерлік ережелері жайлы семинар өтті

Шымкентте кәсіпкерлікпен айналысайын деп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бизнесті дамытуға байланысты оқу семинары өтті,

деп хабарлады аймақтық «Даму» Қорының бөлімшесі.

Семинар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту орталығында өтті. Аталмыш басқосу аймақтық «Даму» Қоры бөлімшесінің қызметкерлері мен қазақстандық-норвегиялық «Syslab» жобасының үйлестірушісі Зайнаб Байчимированың бірігуімен ұйымдастырылды.

«Бұл семинардың мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың бизнесті жүргізу, өңірде кәсіпкерлікті қолдау қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларды іске асыру сияқты мәселелерде біліктілігін және білімін деңгейін арттыру болып табылады», - деді қордың өкілі Майя Бердалиева.

Семинар барысында кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған адамдардың қандай мәселелерге тап болатындығы талқыланды. Мәселен жаңа құрылған мекемелер үшін салық салу режімін таңдау, салық есептері мен бухгалтерлік есептер сияқты мәселелер көтерілді.