Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының бағдарламалары аудандық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды

2 ақпан 2012 ж., 15:41

«Даму» Қорының Қостанай филиалы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асыру нәтижелері бойынша Қостанай ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Мұндай кездесулер тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейлі банк өкілдері үшін де көптен күткен басқосу болып саналады. Себебі мұндай жиындарда Мемлекеттік бағдарламаның барлық мәселелері ортаға салынып, қыр-сыры толық түсіндіріледі.

Жиын барысында филиалдың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша менеджерлері М. Мадышев және Э. Жанақаева бизнесті қолдаудың мемлекеттік құралдары (пайыздық мөлшерін субсидиялау, бизнесті жүргізуде сервистік қолдау, ақпараттық-консалтингтік қолдау, кәсіпкерлерді оқыту), жеке кәсіпкерлік субъектілерін инвестициялаудың мүмкіндіктері, банктік қарызды кепілдендірудің талаптары, олардың мақсаты мен механизмдеріне жеке-дара тоқталды.

Кездесу барысында «Сервистік қолдау», «Бизнес Кеңесші», «Іскерлік қатынастар» жобалары кәсіпкерлердің мол қызығушылығын тудырды. «Осы жобаларда қатысуына өтінімдер Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларында, сонымен қатар аймақтық филиалда қабылданады. «Бизнес Кеңесші» жобасын ағымдағы жылдың мамыр айында басталмақ. Кеңестік қызметтерді көрсету үшін сервистік компанияларды таңдау екінші тоқсанда жүргізіледі, ал «Іскерлік қатынастар» жобасына қатысу үшін құжаттар тізімін www.damu.kz сайтынан табуға болады немесе жеке консультация алу үшін аймақтық филиалға келіңіздер»,- деп аймақтық филиалдың менеджері Эльмира Жанақаева жауап берді.

Мұндай кездесулер ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында да жалғасын таппақ.