26 шiлде 2014 ж. 07:03 Валюта курсы:  € = 247.42$ = 183.52P = 5.24                               
   

Тігін машинасы шаруаны тіктейді

«Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұратын етікші Андрей Никитин мен Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, тігінші Жанна Ерекешова тігін машинасына ие болды.

Андрей Никитин — үшінші топтағы мүгедек. Соған қарамастан ол бос отырған жоқ. 2003 жылдан бастап етікшінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Ал 2005 жылы патент алып, өз бетімен еңбек ете бастады. Қазіргі күні «Достық» аталатын ғимараттан жалға жер алып отыр. Алайда қажетті құралдардың жетіспеушілігі Андрейдің өнімді еңбек етуіне кедергісін келтіріп келген еді. Осыны ескерген Қарғалы аудандық экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары Жаңылсын Исмағұлова аймақтағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына хабарласып, көмек сұрады. Ал жаңа машина қолына тиген кезде Андрей балаша қуанды.

Жанна Ерекешова да үшінші топтағы мүгедек. Жаңа «Toyota RSL18» тігін машинасына ие болған Жанна, болашақта шағын тігін ательесін ашқысы келеді.

— Түрлі матадан төсек, терезе жапқыштар тігемін. Бүгінгідей қамқорлықтан кейін жұмысым әрі қарай жандана түседі деген үміттемін, — деді ол.

«Даму» қорының Ақтөбе облыстық филиалы өкілдері «Керамика» акционерлік қоғамына «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, қордың арнайы Алғыс хатын табыс етті. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының аймақтағы филиалының қаржылық емес қолдау жөніндегі бас менеджері Берік Нұрғалиев аталған қордың демеушілер мен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқаратынын, бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

Сондай-ақ Мұғалжар және Қарғалы аудандарының экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімдері бастығының орынбасарлары Талғат Өтемұратов пен Жаңылсын Исмағұлова «Даму» қорының өкілдеріне алғысын білдірді.

Нравится
 
ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
        1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29                
 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050004
Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесі қиылысы
Call-орталығы: +7 (727) 244 55 77 (көп арналы)
Қысқаша нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегiн)
Тел.: +7 (727) 244 55 66
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: info@fund.kz   Филиалдар желісі

Жалғыз акционер

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ