info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«ERKENAZ KIDS» балабақшасы – ата-аналарға кәсіби көмек және баланың дұрыс дамуы

Жаңалықтар
24.04.2024

«ERKENAZ KIDS» – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге және дамытуға арналған жаңа буын балабақшасы. 

Бұл орталықтың қызметі баланың жеке қабілеттерін ашу, еркін тұлға етіп дамыту және мызғымас база құрып, балаларды мектеп пен гимназияға даярлауға негізделген. Тәрбие мен оқу білім беру заманауи стандарттарға сай бағдарламалар мен инновациялық авторлық әдістемелер мен технологиялар бойынша өтеді. 

Барлық бағыттағы жұмыс мониторинг және бақылау негізінде, әрбір баланың нәтижелеріне қарай жүргізіледі. Орталық ұжымы білім беру–тәрбиеге шығармашылықпен қарайды, әр баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ете отырып, инновациялық әдістерді қолданады. 

Балабақша ашарда кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалынан несие алды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялады. 

Мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаржы балабақшаны жөндеуге жұмсалды. 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі, Батыр ауылы, Астана шағын ауданы, 1-көше, 13-учаске.

Instagram: @erkenaz_kids_balabakshasy

тел.: +7 (775) 270 35 55