info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматы қаласының «TAUDI» ЖШС «Даму» Қорының қолдауына ие болды

Жаңалықтар
22.04.2024

«TAUDI» ЖШС – Азиядағы ең ірі бояқ және лак зауыты. Зауытта үлкен көлемде өнім шығаруға мүмкіндік беретін озық өндірістік желілер бар. Бұл – ірі құрылыс және өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың бір артықшылығы. Өнімдер Алматыдағы Oliver&Battle (Испания) және NETZSCH (Германия) компанияларының жабдықтарында өндіріледі. Зауыт озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында заманауи нарықтың барлық талаптарына жауап беретін жоғары сапалы лак-бояу материалдарын шығарала алады. Әрбір өнім сертификаттау процедурасының бөлігі ретінде міндетті сынақтан өтеді, бұл өнімдердің жоғары сапа стандарттарына сай екенін растайды.

«Евразиялық Банк» АҚ арқылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 15,75%-ды құрайды. Қарыз шикізат алуға жұмсалды.

«TAUDI» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Сайт: taudipaint@taudi.kz, www.taudi.is

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Сүйінбай даңғылы, 314.

Байланыс телефондары : +77273829700,+77052539156