info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Halyk пен «Даму» Қоры әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін 5,5 млрд теңгені игеру туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
29.04.2024

«Үміт» бағдарламасы қазақстандық кәсіпкер арулардың бизнесін жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2024-04-29 at 15.57.20.jpeg

29 сәуір күні Қазақстанның ең ірі банкі Halyk пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Үміт» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5,5 миллиард теңге бөліп, игеру жөнінде келісім жасасты. Жалпы бөлінген қаражаттың 55%-ы Halyk-қа салынғаны – әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы банктің белсенді қызметіне деген Қордың сенімін көрсетеді. «Үміт» бағдарламасы аясында Қазақстанның іскер әйелдері бір қолға 100 миллион теңгеге дейінгі қаржыны 7 жылға дейінгі мерзімге, 16,5%-бен ала алады. Несие инвестиция мен және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

Бұл Halyk-тің әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы алғашқы бастамасы емес. Банк әйелдер кәсіпкерлігін «Бизнестегі арулар» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы да белсенді түрде қолдап келеді. Ол бойынша Halyk әйелдерге жеңілдікпен несие беру үшін өз қаражатынан лимит бөледі. 2018 жылдан бастап банк Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер үшін 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. 600-ден астам әйел 5-8 пайыздық жеңіл несие алды.

Сонымен қатар, Halyk Visa компаниясымен бірге үшінші жыл қатарынан She’s Next, Empowered by VISA атты кәсіпкер әйелдерді қолдау бастамасын жүзеге асырып келеді. Оның аясында қазақстандық кәсіпкер арулар оқып, бизнес-жоспар жасап, бизнесін дамыту үшін грант конкурсына қатысады.

Жалпы, 10 жылдан астам уақыттан бері Halyk «Даму» Қоры жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған бағдарламаларға қатысыпк еледі. Бірлескен жобалардың ішінде ең ірілері деп:

·      «Бизнестің жол картасы» / «Ұлттық жоба» / «Бірыңғай кешенді бағдарлама»

·      ЖАО-мен бірлескен өңірлік бағдарламалар

·      «Еңбек бағдарламасы

·      Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы  

·      «Даму-Өндіріс»

·      БҰҰ ДБ-ЖЭҚ жасыл жобалар бағдарламасы

2023 жылдың нәтижелері бойынша Банк «Ұлттық жоба» бағдарламасының шағын және шағын кәсіпкерлікті қолдау және кәсіпкерлер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау бағытындағы көшбасшылардың бірі болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша шағын және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында субсидия мен кепілдік берілген жобалар саны 5,8 млрд теңгеге 538-ді құрады (2023 жылғы «Даму» Қоры деректері).

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер/индустрия-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау бағыты бойынша 1 697 жоба 219,9 млрд теңгеге субсидияланған. Сондай-ақ 1 238 жобаға 74,98 млрд теңгелік кепілдік берілген (2023 жылғы «Даму» Қоры деректері).

2023 жылы Банк «жасыл» қаржыландыру қағидаттарын және «Даму» Қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын БҰҰ бағдарламасының бастамасын қолдау мақсатында энергия тиімділігі секторларындағы жобаларды насихаттауға және жаңартылатын энергия көздерін енгізуге мүдделі екендігін көрсетті. Қаржылай қолдаудың ерекшелігі – жоба іске қосылған соң және қабылдағаннан кейін несиенің 40%-на дейін өтеуді көздейтін негізгі борыш сомасын субсидиялауда (техникалық верификация).

2023 жыл ішінде Банк «Даму» Қорымен бірлесіп отандық кәсіпкерлерді қолдауды көздейтін өзге де бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Атап айтқанда, Банк ШОБ-ты қаржыландыратын өңірлік бағдарлама, «Даму-Өндіріс» бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға қатысады. Көптеген бағдарламалар бойынша Банк бөлінген қаражат сомасы бойынша, сондай-ақ қол қойылған қаржыландыру, субсидиялау және кепілдік беру шарттарының саны мен көлемі бойынша алдыңғы орында.