info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сәтбаев қаласында «Роза» кофеханасы ашылды

Жаңалықтар
30.04.2024

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында 25 ​​сәуірде «Роза» кофеханасы ашылды. Кәсіпкер Әбдіразақова Айымжан Төлендіқызы бұл жерді анасының құрметіне атаған.

Айымжан Төлендіқызы бизнес нысанын 2020 жылы тіркеді. Ол өте жан-жақты жан. Чизкейк пісіру, «Ice boom» брендімен балмұздақ өндіру, тіпті әйелге сұлулық сыйлау болсын, қолға алған ісін жайнатып жібереді.

2023 жылы оны шағын кофехана ашу идеясы мазалай бастады. Ал қазір бұл кофехананы қала тұрғындары мен қонақтары жақсы біледі. Өйткені «Роза» кофеханасы көптеген қала тұрғындарының ең сүйікті, сәнді демалыс орны.

Кәсіпкерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жабдықтар сатып алу қажет болған кезде «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Даму» Қорының субсидия және кепілдік беру құралдарын пайдаланды.

«Роза» кофеханасының интерьері прованс стилінде жасалған. Қарапайымдылық, жарық пен табиғилықтың үйлесімі мекемеге жайлылық сезімін береді. Клиенттерден босамайтыны анық. Осы қарқынмен компания «Роза» кофеханалар желісін салып қана қоймай, оны дамыта алатынына көз жетеді. Қазір Сәтбаевта, жақын арада Жезқазғанда ашылуын күтеміз.

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 26 үй, 3.

Instagram: @roza_tattisat