Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму Көмек» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлерге арналған EY бизнес академиясының арнайы оқытуы

27 қаңтар 2017 ж., 12:16

Алматы қаласында «Даму» қорының облыстық филиалы 25 қаңтарда 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін Бизнес E & Y (Ernst & Young) академиясының қолдауымен тренинг өткізді. «Шығындар мен айналым капиталын басқару» атты семинар тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған. Себебі іс бастаушы кәсіпкерлерге жалпы шығын туралы түсінік не екені, олардың классификациясы мен құрылымы туралы, мақсатты пайда нүктесін қалай есептеуі, шығындар құрылымы тәуекелділікке қалай әсер етуі мен нарық жағдайларындағы өзгерістерге пайданың сезімталдығы және басқа да бизнес істі бастау үшін қажетті кезеңдерді үйретті.

Оқуды EY Бизнес академиясынын бас оқытушы, консультанты - Гүлнар Мүсірепова өткізді.

Гүлнар халықаралық бухгалтерлік есеп (ХҚЕС) басқару және қаржылық есеп бойынша маманданған, MPA және ACCA кәсіби дәрежесі, мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратура (ҚМЭБИ) бар.

Оқытушы - консультанты ретінде Гүлнар мұнай-газ, энергетика, қаржы және телекоммуникация салаларында жумыс істейтін компанияларының клиенттері үшін оқу жобаларын іске асырды.

Біз EY компаниясына, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге семинар ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін, ризашылығымызды білдіріп, істерінде игілік және табыс тілейміз. Оқу EY корпоративті әлеумет жауапкершілік шеңберінде тегін жүргізілді.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды деп жариялаймыз.