Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Атырауда «Жаңа бизнес ашуға қолдау» оқыту жобасы бойынша бірінші кезең аяқталды

30 қаңтар 2017 ж., 17:27

25-27 қаңтар аралығында Кәсіпкерліктің құзіреттілігін арттыру бірыңғай бағдарламасының «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Атыраудағы филиалы 2015-2018 жылдарға кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында үш күндік оқу өткізді.

Жоба сәтті бизнеске айнала алатын стартап-жобаларды құруға, қаржыландыру көздеріне арнап стартап-жобаларды іске асырушы кәсіпкерлердің мүмкіндігін кеңейту мақсатында тұрғындардың біліктілігін қалыптастырып және оны дамыту жолы арқылы кәсіпкерлік тұрғыдан кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған.

«Сармат Инжиниринг» ЖШС мамандары жоба қатысушыларын кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу ілімін, бизнес-жоспар жазуды, заңгерлік аспектілерді оқытты.