Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалында 2016 жылы 657 млн теңгенің 127 жобасы субсидияланды

15 ақпан 2017 ж., 15:59

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы мен Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Іс - шараға «Даму» Қоры аймақтық филиалының басшысы Берік Нұрғалиев, Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мустапаева, сонымен қатар Маңғыстау облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» басшысы Мұрат Баймағамбетов қатысты.

Кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау

657 млн.теңгеге 127 жоба субсидияланды (өсім 2015 жылмен салыстырғанда 135%). Несиелердің жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрады. Несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемеге субсидия алған ең үздік жобалар: ЖК Дусипова С.Ш. ( «Ақерке» медициналық орталығының қызмет көрсету спектрін кеңейту), «Аян-Актау» ЖШС (ұлутастан жем қоспаларын шығаратын өндірістік цех ашу) және т.б.

Кепілдендіру

770 млн.теңгеге 56 кепілдік берілді (өсім 2015 жылмен салыстырғанда 65%). Кепілдендірілген несиелердің жалпы сомасы 2 млрд теңгені құрады. Келесі жобалар бойынша: «West Decor» ЖШС (жабын панельдер өндірісі), ЖК «Бисенбаев Ж.» (Жетібай селосынан бала бақша ашу), ЖК «Халмурадова Э» (Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосынан балаларға арналған ойын сауық кешенін ашу) және т.б.

ҚР Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылған жобалар:

11,7 млрд. теңгеге 67 жоба қаржыландырылды, кәсіпкерлер үшін ең соңғы несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрады. Қолдаған жобалар: ЖК Еділбаева А.К. (Тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіру), ЖК «Сұлтан» (Ет өнімдерінен және құс етінен шұжық өндірісі) және т.б. 2016 жылы, жалпы несие соммасы 3,7 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландыру алды.

* 2014-2015 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 200 млрд теңге жаңартылмалы негізде бөлінген болатын (қарызды өтеу барысында, банк ақшаны жаңа несиелерге бағыттайды)

Өңірлік қаржыландыру

Кәсіпкерлердің 12 жобасы қаржыландырылған, соның ішінде: «Достар» ЖШС-нің ойын сауық кешені бар шағын аквапарк жобасы, «Гуна-Актау» ЖШС-нің теңіз үстімен экскурсия жасау жобасы және т.б.

**2016 жылы туризм саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлерді қаржаландыруға Маңғыстау облысының әкімдігі және «Даму» қорымен 300 млн және 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Жылдық мөлшерлемесі 7,8%. Серіктес банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» АҚ және «Астана Банкі»

Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 5 мыңнан астам консультациялық қызметтер көрсетіліп, 37 бизнес-жоспар жасақталған. 70 тен астам жоба екінші деңгейлі банктен несие алғанша сүйемелденген. Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы бойынша 52 шалғай ауылдар мен қалаларға іс-сапармен шығып, 1,5 мыңнан астам консультациялық қызметтер көрсетілген.