Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қостанайда «БЖК 2020» бағдарламасы аясында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау күні өтті

20 ақпан 2017 ж., 16:59

2017 жылдың 14 ақпан күні Нұр Отан партиясының Қостанай облыстық қоғамдық қабылдауында «Бизнестің Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында азаматтардың жеке мәселелері бойынша Біріңғай қабылдау күні өтті. Бағдарлама бойынша түсіндіру жұмыстары үшін «Даму» Қоры, Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық Басқарма өкілдері шақырылды. Сонымен қатар осы шараға БАҚ өкілдері де қатысты.

Қала тұрғыны Эльмира Мағзұмова өз бизнесін ашу бойынша кеңес алуға келді. Кәсіпкердің жазғы уақытта балалар лабиринтін ашу бойынша бизнес-идеясы бар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Start-up жобалары бойынша кеңесші Ирина Балышева көмек көрсететінін мәлімдеді. Эльмираға бизнес ашу және жүргізу бойынша кеңес берілді және «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша оқуға өтінімі қабылдады.

Сонымен бірге, халық арасында кәсіпкерлікті дамытуға кеңестік көмек көрсету бойынша мұндай тақырыптық шаралар өте танымал екені айта кету қажет.