Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Көкшетау қаласында кәсіпкер әйелдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

3 наурыз 2017 ж., 15:46

Кәсіпкерлер қолдау орталығының кеңесшілері өткізген дөңгелек үстелге 30-ға жуық әйел кәсіпкерлер қатысты.

Семинар Ақмола облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Дәмелі Қойшинаның жаңа ашылған Отбасылық және балалар орталығын таныстырудан басталды. Балаларды оңалту және дамыту орталығы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда: сал ауруына шалдыққан балалардың әл-ауқатын арттыру көзделген. Себебі қазіргі таңда медициналық мекемелердің барлығы бірдей қолдау көрсете бермейді. Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына айналған әйелдер тегін психологиялық және құқықтық көмек алады. Сондай-ақ қарт адамдардың жағдайы да назардан тыс қалмаған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, өз уақыттарын жақсы өткізу мүмкіндігі бар.

«Қазіргі таңда біз демеуші іздеудеміз. Себебі өзіндік қаражат жобаның жалпы құнын жүзеге асыруға жетпеді»-дейді Дәмелі Қуатаевна.

Содан кейін әйелдер жұмыспен қамту және бұқаралық бизнестің жаңа бағдарламасын іске қосу туралы әңгімеледі.

Семинар соңында балабақша басшысы Әсел Қожанова өз жетістігімен бөлісті. «Бизнес дамуы үшін, сіз оған сүйіспеншілікпен беріліп жұмыс істеуіңіз керек»,-дейді кәсіпкер. Ол Көкшетау қаласында алғаш жекеменшік ашқан кәсіпкерлердің бірі болып саналады. Қазір әсіпкердің екі бірдей балабақшасы бар.