Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

2017 жылы 18 наурызда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облыстық аймақтық филиалында «Екінші деңгейлі банктермен өзара әрекеттесу» атты тренинг өтті.

27 наурыз 2017 ж., 18:19

Қор қызметкері шара барысында бизнесі бар және кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлердің несие алу үшін тапсырған өтініштерінің қарау тәртібі мен банктердің шағын және орта бизнеске арналған қандай құралдары бар екендігін түсіндіріп, Қазақстандағы банктер қолданатын кәсіпкерлердің төлем қабілеттілігін бағалайтын ШОБ қаржылық талдау технологиясы бойынша да айта кетті.

Сонымен қатар, ШОБ мемлекеттік қолдау тақырыбы да көтеріліп, субсидиялау мен кепілдендіру келісім шарттары талаптарының орындалуының маңыздылығы бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тренингке 13 адам қатысты. Қатысушылардың ешқайсысы кәсіпкер емес, алайда кәсіпкер болмағанымен алған білімдері болашақта қажет болары анық. Мысалы, тренингке қатысушы Құрбан Сайын осы шарадан кейін банктің ШОБ бөлімінің қызметкерлерімен тілдесу кезінде өзін әлде қайда сенімді ұстайтындығын атап өтті.