Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Атырау қаласында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша дөңгелек үстел өтті

30 наурыз 2017 ж., 12:52

Атырау облысының Кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығында (КҚКО) ісін жаңа бастаған және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны аймақтық филиалының «Даму» Қоры және Атырау облысы бойынша Қазақстанның «Шапағат» кәсіпкер әйелдері қауымдастығының қолдауымен өткізілді.

Кездесу диалогтық форматта болды. Субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджер Айман Сарсенғалиева «Бизнестің Жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму Оптима», «Алтын Кеме» бағдарламаларына қатысудың шарттары туралы толықтай ақпарат берді.

Сондай-ақ, қаржылай емес бағдарламалар бойынша бас менеджері Роза Байсалихова кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы, «Топ-менеджмент», «Жаңа бизнесті ашу және қолдау», «Startup Академиясы» оқытулары бойынша іске асырылған жобалар туралы атап өтті.

Кәсіпкерлер атынан Атырау облысы бойынша Қазақстанның «Шапағат» кәсіпкер әйелдері қауымдастығының басшысы Айгүл Баямирова «Даму» Қорына алғысын білдіріп, ісін жаңа бастаған және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге бизнесті дамуытуға табысты жеміс тіледі.