Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» Қорының Қарағанды филиалы 2010-2017 жылдар аралығындағы жетістіктері жайлы есеп берді

10 сәуip 2017 ж., 11:43

6 сәуір күні Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиал директоры Гүлнар Хасенова «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында тікелей эфирге шықты. Бұл тікелей эфир аймақтық филиалдың 15 жылдығына арналған болатын. Аймақтық филиал 2002 жылы 11 сәуір күні құрылған болатын.

«Даму» Қоры - «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыратын (кәсіпкерлер несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің несиелеріне кәсіпкерге кепілдеме беру) және мониторинг жүргізетін бағдарламаның қаржылық агенті болып табылады.

Сонымен қатар Қор басқа да бағдарламаларды екінші деңгейлі банктер, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, ҚР Ұлттық қоры, жергілікті атқарушы органдардың қаржы көздері арқылы қаржыландырып іске асырады. Осы қаржы көздері арқылы әйел кәсіпкерлігін қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібі саласындағы бизнес түрлерін қаржыландыру бағдарламалары іске асырылады.

Брифингте Қордың қолдауын алған облысымыздың шағын және орта бизнес өкілдері болды.

Солардың бірі «Іңкәр – 1» ЖШС, Даму Қорының кепілдемесін алып, оның 10%-ына субсидия алып отыр. «Іңкәр – 1» ЖШС 2016 жылғы «Өндіріс саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясымен «Алтын сапа - 2016» сыйлығының иегері атанды. Кәсіпорынның жұмысын, қатысқан мемлекеттік бағдарламаларын «Іңкәр – 1» ЖШС бас директоры Қуандық Балтабайұлы Нұрпейісов айтып кетті.

Брифингке қатысқан «MAX-PROF» ЖШС Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес жоспар жасап, банктен несие алып, қазіргі таңда несиенің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия алып отырған кәсіпорын. «Қор мен арадағы 2014 жылдан бастау алып келе жатқан ынтымақтастық өз нәтижесін беріп жатыр»,-деп айтып кетті «MAX-PROF» ЖШС директоры Жанар Әмірханқызы Шектібаева.

Жұмысын жалғастырып жүрген кәсіпкерлерден бөлек, ісін енді бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету Қордың бастапқы мақсаттарының бірі десе де болады. Себебі бизнесті енді бастаған кәсіпкерге әрқашан көмек қажет.

Мысал ретінде «Ампир.kz» ЖК алып қарастырсақ, бұл кәсіпорын мемлекеттік бағдарламаға қатысып 2 850 000 теңге грант алған болатын. 2016 жылы Даму Қорының қолдауымен «Банк Kassa Nova» АҚ қосымша құрал-жабдықтар алуға несие алған болатын. Несиені Қордың 50% кепілдемесімен және алған 14% несиенің 10% субсидия алып отыр. Бұл кәсіпорын Даму Қорының жүйелі қолдауын алды деп айтса да болады.

Қарағанды облысында 2010-2017 жылдар аралығында кәсіпкерлер кепілдеме құралы бойынша 2,9 миллиард теңгелік 148 жоба кепілдеме алып, 6,1 миллиард теңгенің несиесі алды. Субсидиялау құралы бойынша кәсіпкерлердің 711 жобасына 103,3 миллиард теңге несие берілді.