Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қызылордада 17-20 сәуір аралығында «Қаржылық сауаттылық апталығы» өтеді

12 сәуip 2017 ж., 17:23

Сәуір айының 17-20 күндері «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының бастамасымен кәсіпкерлерге арналған «Қаржылық сауаттылық апталығы» Акциясы өтеді. Іс-шара екінші деңгейлі банктердің қаржылық ресурстарына қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылуда. Семинар бағдарламасы кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және оларды банктегі несиелендіру процессінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында арнайы құрылды.

Семинар бағдарламасы:

  • Шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бағдарламалар;
  • Қысқа мерзім ішінде қалай несие алуға болады;
  • Банктің несие рәсімдеу барысында кепілмүлік нысанына қоятын негізгі талаптары;
  • Несие алуға қажетті құжаттар тізбесі;
  • Несие алу үшін қажетті бизнес-жоспардың ерекшеліктері;
  • Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру;
  • ЕДБ кәсіпкерлерге арналған арнайы ұсыныстары мен қызметтері және банк өнімдері;
  • «Даму» Қорының ШОБ кәсіпорындарына арналған қаржылық құралдары;
  • «Даму» Қоры базасындағы КҚКО қаржы агенттерінің қызметтері.

Ақпарттық семинарлар кестесі:

Өтетін күндері

Басталу уақыты

ЕДБ атауы

17.04.2017

10-00

«Казкоммерцбанк» АҚ

17.04.2017

11-00

«ЦеснаБанк» АҚ

18.04.2017

10-00

«АТФБанк» АҚ

18.04.2017

11-00

«ForteBank» АҚ

19.04.2017

10-00

Банк «ВТБ» АҚ ЕҰ (Қазақстан)

19.04.2017

11-00

«БанкЦентрКредит» АҚ

20.04.2017

10-00

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

20.04.2017

11-00

«Евразиялық банк» АҚ

20.04.2017

12-00

«Сбербанк» АҚ ЕБ


Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, И.Журба көшесі,12, КҚКО ғимараты,2 қабат, мәжіліс-залы.

Өтетін күні мен уақыты: 17-20.04.2017ж, басталуы сағ. 10.00-де.

Ақпарат телефоны: +7 7242 55 11 18.