Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Петропавлда «Таткрафт-Инвест» ЖШС компаниясы «Даму-Көмек» жобасы бойынша демеушілік көмек көрсеткен

14 сәуip 2017 ж., 11:27

Петропавлда «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде «Таткрафт-Инвест» компаниясы СҚО бойынша «Көмек» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне демеушілік көрсетті.

«Көмек» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өткен жылдың мамыр айынан бастап, мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша заңдық көмек көрсетумен айналысады. Оның ішінде жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу де бар.

Осы жылдан бастап Қоғамдық бірлестік Қызылжар ауданы Белое ауылында үй құстарын өсірумен айналыспақ. Демеуші іздеген олар «Даму» Қорына «Даму-Көмек» жобасы бойынша көмек сұрап келген. Атап айтқанда Қор сайтына (www.damu-komek.kz) инкубаторлар сатып алуға көмек сұрап өтінім берген.

«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан филиалы көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін «Таткрафт-Инвест» компаниясына алғыс хат табыс етті.