Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Талдықорған қаласында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» бағдарламасының қатысушылары өз қолдарымен квадрокаптер жасап шықты

14 сәуip 2017 ж., 16:07

Квадрокаптер - ұшқышсыз басқарылатын аппарат. Құрал тікұшақ негізінде жасалған. Тұрақты ауытқуды қамтамасыз ету үшін квадрокаптер міндетті түрде үш гироскоппен жабдықталады. Одан басқа, автоматты қону және төмен биіктікте ұстап тұру, кедергілік аралығын сақтау үшін сонар да қолданады. Ең маңыздысы – GPS. Ол құрал компьтерден радио толқыны жоғалып кеткен кезде ұшқан жерін тауып алу мақсатында, алдын ала ұшу бағытын жазып алады.

Александр Дадочкин мен Андрей Ермилов «Жаңа бизнес ашуды қолдау» бағдарламасы аясында тегін оқып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп кәсіпкер куәлігін алды. Олар бизнес-идеялар жарысында олар жүлделі 2-орын алған болатын. Мектептен бастап модельдеу, мотор және техникалық сынақ түрлеріне әуес болған. Өздерінің табандылығы арқасында жеке квадрокаптерін жасап шықты.

«Алғашында біздің аппаратарымыз ұшпай қайта-қайта бұзыла берді. Бірақ біз қиындықты жеңіп шықтық. Біздің квадрокаптерімыз Талдықорған аспанында ұшып жүр»,-дейді Дадочкин Александр.

«Ұшу ұзақтығы 1 шақырымды құрайды. Бейненің тұрақтылығы үшін гироскопты камера қондырылған, аталған қондырғы сапалы бейне таспалау жасайды»,-дейді Ермилов Андрей.

Кәсіпкерлік ынтасы бар техниктер аталған құралды той-мереке, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығында химикаттар бүрку, іздестіру жұмыстары және тағы басқа салаларда қызмет көрсетеді. Мұнымен қатар, шағын аппараттар жасауға тапсырыс алуды жоспарлап отыр. Себебі жасайтын құралдары арнайы дүкендердің бағасымен салыстырғанда әлдеқайда арзан.