Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

15 сәуір күні Алматыдағы «Меломан» дүкенінде белгілі қазақстандық ментор, кәсіпкер Серікбай Бисекеевтің «Сделай Себя Сам» (2016 жылдың қорытындысы бойынша ) және «Дневника Успеха» атты кітаптарының оқырмандарымен шығармашылық кездесуі өтті.

17 сәуip 2017 ж., 10:30

Кітапты оқырмандары жоғары бағалады. Өз мүмкіндіктерін саралауға, алдарына мақсат қойып, арманына жету жолында табандылық көрсетуде бұл кітаптың алар орны жоғары. Қостанайдың алыс ауылынан шыққан баланың халықаралық дәрежеде мойындалған кәсіпкер, миллионерге айналуы әрікмді де қызықтырып, елеңдеткені рас. Олай болуы заңды да. Бастапқы капиталсыз, іскерлік байланыс, тамыр-таныссыз, экономикалық дағдарыс кезінде жетістікке жетіп, жемісті бизнесті аяққа тұрғызу екінің бірінің қолынан келмеген.

Аталған кітаптар туралы өз ойын Ораз Жандосов ( қазақстандық экономист, мемлекет қайраткері ), Арманжан Байтасов (Forbes Kazakhstan іскерлік басылымының қожайыны ), Қайрат Құдайберген («THS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы ), Павел Коктышев ( МОСТ бизнес-инкубароның негізін қалаушы , It Meetups Kazakhstan ұйымдастырушысы ) секілді көптеген белгілі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері өз ойларын білдірді.

Сондай-ақ автор кездесу барысында шығаршылықпен өткен жылын қорытындылап, жаңа идеялар, жобаларымен бөлісті. Олардың ішінде қазақстандық белді жоғары оқу орындарының білімді студенттеріне демеушілік көмек көрсету де бар. Серікбай Бисекеев жастарға қамқорлық көрсетуде де үлгі болып келеді. Атап айтқанда авторлық дәріс оқып, жас кәсіпкерлер үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Осы демеушілік көмек аясында Назарбаев Университеті мен Almaty Management University студенттеріне стипендия тағайындамақ.

Кездесу барысында автор өз бестселлер інің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Оқырмандардың өтінішімен «Сделай Себя Сам» кітабы енді жаңа формат та шығады (аудио, on-line нұсқа , жұмсақ қаппен арзандау болып ).

Барлық сұрақтар бойынша +7 705 605 32 72 (Асылзат Исқалиева) хабарласуға болады.

АНЫҚТАМА

Серікбай Бисекеев – Arman Holding компаниялар тобының негізін қалаушы және президенті. Бүгінгі таңда оның кәсіпорны энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдердің халықаралық өндірушісі және жабдықтаушысы болып табылады, сондай-ақ кәсіпорынның Қазақстанда, Ресейде, Сингапурда, Германияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Үндістанда өкілдіктері мен өндіріс орындары бар.

2012 жылы Серікбай Бисекеев халықаралық Ernst & Young аудиторлық-консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша B2B аталымында Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» атанды.

2013 жылдың маусымында Серікбайға «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша Вице-президенті мәртебесі берілді.

2014 ж. шілдесінен бастап «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, 2015 ж. маусымынан бастап «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры болып табылады.

Осы дәрежесінде ол өз тәжірибесі мен заманауи ұстанымдарды Қазақстандағы квазимемлекеттік компаниялардың корпоративтік мәдениетіне бейімдей отырып, ірі компанияларды дамытумен айналысады.