Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Павлодар облысының тұрғындарына арналған «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты семинар өтеді

17 сәуip 2017 ж., 10:48

19-21 сәуір аралығында Павлодар қаласы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының оқыту залында, өз ісін сенімді бастағысы келетін Павлодар облысының тұрғындарына арналған «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты семинар өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты -  ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге өз бизнесіне ой таңдауға, табысты бизнесті минималды тәуекел және шығынмен бастау және дамытуға дайындау.

Семинарға қатысушыларға сертификат беріледі.

Семинар өту мерзімі: 19–21 сәуір 2017 жыл

Басталуы: сағат 10.00

Өту мерзімі: 10.00 – 17.00

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Короленко көшесі 109. Телефон: 87182208359