Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Астанада «NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу механизмдерін зерттеу» атты дөңгелек үстел өтті

17 сәуip 2017 ж., 19:25

Дөңгелек үстелде сөз алған «Даму» Қорының Астана қалалық филиалы директорының орынбасары Мереке Сыздықов Қор жас кәсіпкерлерді қолдау бағытында бағдарламаларды жүзеге асырып отырғанын атап өтті.

Қор бағдарламаларының аясында жалпы сомасы 5 375 млн теңгені құрайтын 99 кәсіпорынға қолдау көрсетілді. Барлығымызға мәлім «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» БҚБ аясында кәсіпкердің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда екінші деңгейлі Банктер алдында кепілдік беріледі.

Мереке Сыздыков өз сөзінде «Даму» Қорының кепілдігін 60 жас кәсіпорын қолданғанын атап өтті.

Кәсіпкерлерге қызмет көрстеу орталығына келіп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты алуға болады. Орталықтың мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8А, 1-қабат, тел. 559199