Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Франкфурт мектебінің сарапшыларымен кәсіпкерлердің кездесуі өтті

20 сәуip 2017 ж., 10:55

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қаржы және менеджмент Франкфурт мектебінің сарапшыларымен кәсіпкерлердің кездесуі өтті

Кездесудің мақсаты кәсіпкерлердің бизнеспен айналысудағы кездесетін өзекті мәселелері және Қарағанды қаласындағы «Банк Kassa Nova» АҚ қаржылық қызметтерін пайдалану тәжірибелері жайында талқылау болды.

Қарағанды облысының әр жерінен келген 30-ға тарта қатысушылар, Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығының шақыртуымен келген болатын. «Дөңгелек үстел» үлгісінде өткен кездесуде сарапшыларға әйел кәсіпкерлерінің бизнеспен айналысудағы өзекті мәселелерін, кездесетін кедергілерін анықтап, банктерден несие алу бойынша қаржылық қызметтерді көрсету бойынша сапаларын арттырудың жолдарын қарастырды.

Кәсіпкерлер өзекті мәселелерінің бірі банктердің жобаларды ұзақ қарастыруы, сұралатын құжаттардың көп болуы, кепілзаттың негізсіз бағасының төмендетілуі, «Start-up» жобалардың несиелендірмеуі сияқты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар әкімшілік кедергілердің жаңа бизнесті ашуға қосымша кедергі келтіретінін айтып жеткізді.

Әйел кәсіпкерлерге филиал директоры Гүлнар Хасенова қордың іске асырып жатқан мемлекеттік бағдарламаларын таныстырып кетті. Кәсіпкердің Қорға келуінен бастап, қандай қызметтерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында алуға болатынын айтып кетті. Қорда бизнес жоспар жасаудан бастап несие алғанға дейінгі қызметті Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының білікті кеңесшілері істейтін болады. Қарағанды қаласындағы «Банк Kassa Nova» АҚ директорының орынбасары Михаил Гулин «Даму» Қорымен бірге іске асыратын бағдарламаларды айтып, кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды. Өткізілген іс шараға Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Гүлнар Салкеева алғысын білдіріп алдағы уақытта Даму қоры мен «Банк Kassa Nova» АҚ тығыз жұмыс атқаратынын жеткізді.