Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қостанайда «Kostanay Business Show 2017» бизнес-жәрмеңкесі өтті

19 сәуip 2017 ж., 10:37

Қостанайда осы жылдың сәуір айында ІІ облыстық «Kostanay Business Show 2017» бизнес-жәрмеңкесі өтті. Шараны «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубы ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты - жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау, кәсіптен бизнеске көшу, кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларымен таныстыру, ЖОО мен колледж студенттері арасында масылдық көңіл-күйді азайту.

Әрбір бизнес-жәрмеңке қатысушысы әлеуетті клиенттерді таба алды, тікелей сату дағдыларын біліп, облыстың жетекші кәсіпкерлерімен танысып, алысқа бармай-ақ бухгалтерлік және заң саласы бойынша сұрақтарына жауап алды және креативті жас бизнесмендерден жеке шеберлік сабағын ала алды.

Бұл жәрмеңкеге облыстың сексенге жуық кәсіпкерлері қатысты. Биыл да «Даму» Қоры осы жәрмеңкеде қатысып, сол жерде ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген әр кәсіпкерлер қолдау бағдарламалары бойынша кеңес ала алды.