Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер «Даму Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік жасады

19 сәуip 2017 ж., 11:40

Ақмола облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы төрағасы Дамеля Қойшина «Даму» қорының сайтына өтінім берді. Қауымдастық Көкшетау қаласында Отбасы мен бала орталығын ашқан. Негізінен сал ауруы диагнозы қойылған балаларды оңалту және дамытумен айналысады. Бүгінде Ақмола облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы өз күшімен бөлмелерді жалға алып, тренажерлар бөлігін сатып алды. Бірақ әлі күнге дейін арнайы құралдар қажет. Атап айтқанда гамактар, арба, сондай-ақ Amblikor атты бала емдеу құралы.

Өтінімді көрген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Владимир Плетнев демеушілік көрсетуге бел буған. Ол өзі де бір неше рет «Даму Көмек» бағдарламасы аясында қолдау алған. Енді өзі де демеуші ретінде қолдау көрсететін жағдайда.

Владимир Плетнев сал ауруына шалдыққан балаларға екі арба табыс етті. Оның бірі отбасы мен бала орталығына, екіншісі қамқор отбасындағы балаға.

Владимир Плетневке Қор атынан алғыс хат табыс етілді.

Игі істі жалғастыруды сұраймыз! Егер сіз мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек көрсеткіңіз келсе, сізді: Көкшетау қаласы Ақан сері көшесі 46а/1; тел. : 8(7162) 55 11 19, 55 11 18, 55 11 16. Күтеміз.