Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» Қорының Алматы облыстық филиалы 2017 жылдың І тоқсанын қорытындылады

19 сәуip 2017 ж., 12:32

Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 1,9 млрд теңгеге 40 кәсіпкер қаржылай қолдау алды.

Банктер арқылы жеңілдетілген несиелендіру

Екінші деңгейлі банктерде қаражат салу есебінен 22 кәсіпкер 906,32 млн теңге құрайтын қаражатқа қол жеткізді. Соның ішінде 54 пайызы Ұлттық қор есебінен (2 транш). Жобалардың басым бөлігі кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған. Кәсіпкерлік салалар бойынша берілген несиені алар болсақ; қайта өндеу кәсібінде (72,26%) және сауда саласында (19,86%) берілген. Ал, несиенің орташа үстеме пайызы жылдық 9,47% құрады.

Несиеге кепілдік беру

«Бизнестің жол картасы-2020» Біріңғай бағдарламасы шеңберінде аймақтық филиал кепілдендірудің жалпы құны 422,2 млн теңге құрайтын 18 жобасын бекітті. Банктер «Даму» кепілдігімен берілген несие сомасы 1,0 млрд теңге құрады. Банктер арасында ең көп жоба АҚ «Банк Kassa Nova», ЕБ АҚ «Сбербанк» арқылы берілген.

«Даму» Қорының Қаржылық емес қызметтері

Жыл басыннан «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 3 мың адамға қызмет көрсетілді. Оларға 3634 кеңес пен қызметтер көрсетілді. Олардың арасында 48% ерлер, 52% әйелдер. Шамамен 47% жасы 30-дан 49 жасқа дейінгілер. Сондай-ақ, қордың қызметтері жастар арасында белсенділікке өсіп жатыр: қызметпен кеңес алғандарың 23%-ның жастары 29-дан аспайды. Мобильді КҚО аудандар бойынша 465 адамға қызмет көрсетті. «Бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында, заң және маркетинг мәселелері, бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша бизнес өкілдері білікті көмек алды.

Хабарласқандардың ішінен – 215 азаматы кәсіпкер ретінде тіркеліп, 218 жаңа жұмыс орындарын ашты.

2017 жылы 60 компанияның басшылары «Назарбаев Университетінде» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджменті оқыту» жобасы аясында өз біліктілігін арттыруға мүмкіншілік алды, соның 30-ы сәуір-мамыр айларында оқиды.

Одан басқа, өз кәсіптік-идеялары бар 18 жастан жоғары азаматтар «Даму» қорына келіп өтініштерін бере алады. Жыл басынан «Жаңа бизнесті қолдау және ашу» жобасы аясында 28 бастапқы кәсіпкер тегін оқытылды.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету бойынша «Даму» қорының бағыттын жеке атауға болады. Жыл басынан "Даму-Көмек" жобасы шеңберінде 7 бастауыш кәсіпкерлер өз бизнес-идеяларын іске асыруға мүмкіндік алды.

Мемлекттік бағдарламалар бойынша қолдау аламын деушілерге КҚКО-ның кеңесшілері кәсіпкерлерге құжаттарды жинаумен банктерге өтініш беру және сүемелдеу қызметтерінде көрсетеді.