Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Петропавлда «Даму» Қорының кепілдігімен тұңғыш рет қан тамырлары хирургиясына маманданған диагностикалық орталық ашылды

21 сәуip 2017 ж., 16:27

Петропавлда «Даму» Қорының кепілдігімен «Денсаулық Формуласы» атты тұңғыш қан тамырлары хирургиясына маманданған диагностикалық орталық ашылды.

«Денсаулық Формуласы» ЖШС дене мен қол-аяқ тамырларының кеселін анықтап, емдеумен айналысады. Орталық Петропавл қаласында осы салада кең ауқымда қызмет көрсететін жалғыз медициналық мекеме болып отыр.

Медицина орталығы басшыларының бірі Сергей Череда - қан тамырлары хирургиясы бойынша жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 15 жылдан асады.

«Денсаулық Формуласы» Альфа Банктен «Даму» Қорының несие кепілдігімен қазіргі заманғы медициналық жабдықтар алды. Оның ішінде Лахта-Милон лазерлік хирургиялық аппараты және электрокоагулятор мен операция үстелі.

Бүгінде жаңа орталықта амбулаториялық хирургия, диагностика, УДЗ, сондай-ақ варикозды, жарықты емдеу, папиломманы сылып тастау секілді көптеген хирургиялық көмек түрлері көрсетіледі. Операция жасайтын және операция алдында жататын жер, таңып-байлау кабинеті, 3 орындық күндізгі стационар көзделген.

Медорталықта кардиолог, гастроэнтеролог, хирург, УДЗ секілді көптеген мамандар қабылдайды.